Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет41/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

Әсер ететін факторлар

Бұл  жағдайда  меңгерілетін  объект  пен  оның  компоненттерінің 
жағдайын,  қызметін,  қасиетін  және  өзге  де  сипаттамаларын  өзгертетін 
немесе  өзгерте  алатын  факторларды  анықтау  мен  есепке  алу  жүзеге 
асады. 
Фактор деп келесілер қарастырылады: 1) бір нәрсе тәуелді болатын 
жағдай немесе процесс; 2) бір нәрсе орын алатын, болатынахуал. 
Ұсынылған  оқу  құралында  сыртқы  және  ішкі,  жағымды  және 
жағымсыз  факторлар  қабылданған.  Кей  жағдайларда  факторлардың 
дамуын бақылау үшін, олардың белгілерін анықтау ұсынылады.  
Сыртқы  факторлар  ретінде  білім  беру  облысындағы  мемлекет 
саясатын,  ғылыми-техникалық  және  технологиялық  прогрессті, 
жаһандануды  және  т.б.    қарастыру  ұсынылады.  Мысалы,  анық  бір 
деңгейдегі  критикалық  ойлауды  қалыптастыру  бойынша  мемлекет 
саясаты  жүйелі,  шығармашылық,  инновационды  және  басқа  да  тиімді 
және қоршаған ортада сұранысқа ие ойлау тәсілдерінің дамуын тоқтатып 
қоюы мүмкін.  
Ішкі  жағымды  факторлар,  бұл,  мысалы,  оқу  процесі  үшін  оқу 
субъектісінің  жеткілік  деңгейдегі  ынталандырылуы,  меңгерілетін 
материалға деген жоғары қызығушылық, сабаққа деген қажетті қатынас, 
ұжымдағы жағымды психологиялық климат және т.б. болып табылады. 
Қазақстан 
экономикалық 
фактордың 
мысалы 
Еуразиялық 
экономикалық бірдестікке ену болып табылады. 
«Әсер  етуші  фактор»  бөлімінің  төңірегінде  орындалатын  маңызды 
әрекет  әсер  етуші  факторлардың  ықпал  ету  салдарын  анықтау  және 
есепке алу болып табылады. Нақты бір жағдайларда аталған әрекет осы 
салдардың кейінгі жағдайын болжаумен, сонымен қатар оларды азайту, 
жою және т.б. жолдарын іздеумен үйлеседі.  
● 
Зерттеу

13.4.2-суретте  көрсетілген  зерттеу  қызметі  келесі  жағдайларды 
қарастырады: 
1) 
әртүрлі 
сұрақтар, 
моменттер 
және 
оқу 
құралының 
проблемаларына  қатысты  жүргізілген  (әр  түрлі  мамандармен)  зерттеу 
нәтижелерін іздеу, талдау және жалпылау
2)  ғылыми  зерттеуді  талап  ететін  сұрақтар  мен  проблемаларды 
анықтау; 
3)  меңгерілетін  материалға  тікелей  немесе  жанама  қатысы  бар 
меншікті зерттеулер. 
4) зерттеу жүргізудің, ұйымдардың негіздерін игеру; 


134 
 
5) зерттеудің жалпы ғылыми және пәнаралық әдістерін игеру
6) нақты жалпы ғылыми терминдер мен анықтамаларды игеріп алу; 
Оқу,  ғылыми  және  басқа  да  материалдарды  меңгерудің  зерттеулік 
тәсілі  зерттеулік  қызметті  талап  етеді,  соның  көмегімен  зерттеулік 
ойлауды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар туындайды. 
Жекелеген  жағдайларда  зерттеулер  білім  берудің  мазмұнына 
енгізілген  (мысалы,  функцияларды  зерттеу,  маркетингтік  зерттеулер 
және  т.б.).  Шын  мәнінде,  білім  алушылардың  (магистранттар  мен  PhD 
докторантарынан  басқа)  біраз  бөлігінде  зерттеулік  ойлау,  қойылған 
тапсырманы орындау үшін зерттеулік әдіс жасау, біліктілігі мен машығы 
қалыптаспайды. Бұның бәрі ақыр соңында заманауи мамандар даярлауда 
кері әсерін тигізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет