138
Осы жұмыстың[134] басқа да білім беру мәселелері ретінде
төмендегілер қарастырылады:
-
білім беру қызметінің мақсаты мен ұйымдастырылуын қою үшін,
бастапқы аппаратты қабылдау, түсіну және бекітуді ұйымдастыру үшін;
қызмет әдістерін ұйымдастыру және игеру үшін; шығармашылық
қызмет әдістерін ұйымдастыру және игеру үшін игерілгенді жалпылау
және оны жаңа білімдер жүйесіне енгізу үшін; білім беру қызметінің
нәтижелеріне бақылау жүргізу үшін жағдай жасайтын мәселелер;
-
толассыз (барлық курстар үшін өзекті) мәселелер;
-
кешенді (бірнеше тақырыптарды қамтитын) мәселелер;
-
тематикалық (оқу тақырыбы шегінде қарастырылатын сұрақтарды
қамтитын) мәселелер;
-
ситуациялық (нақты фактілермен және ситуациялармен
байланысты ) мәселелер.
Осы жұмыстағы[134] мәселелік білім алудың шаралары ретінде
төмендегілер көрсетіледі:
- мәселелік баяндау (оқытушы сұрақ қояды немесе мәселені
тудырады және жауап нұсқаларын көрсетеді немесе шешу жолдарын);
- бөлшекті- іздеу (эвристикалық) әдіс (мәселелерге, тапсырмаларға
және білім алушыларға қол жетімді сұрақтарға бөлінген мәселелерді
талқылау және шешу үдерісіне субъектілерді белсенді кірістіруді
болжайтын). Бұл әдіс танымдық, ғылыми немесе кәсіби мәселелерді
өздігінен шешу бойынша әрекеттерді субъекттер арқылы біртіндеп
игеруге бағытталған. Аталған әдіс нақты оқу кәсіби және ғылыми-
ізденіс ситуацияларын талдау және кейс-әдістерінің тапсырмаларын
ойлап табу кезінде қолданылуы мүмкін;
- зерттеу әдісі (ғылыми мәселелерді қалыптастыру, пән және
зерттеу әдістерін іріктеу, оның мәселелерін құрастыру, базаны және
эксперимент қатысушыларын іріктеу, оған қатысу, алынған
нәтижелерді сұрыптау және талдау үдерісіне субъекттерді қосуды
қарастырады). Білім алушы зерттеу әдісі мәселені табудан және оны
шешуге дейін толық дербестік көрсете алатын мәселелерді шешуге
бағытталған.
Мәселенің факторлары (ақпарат көздері, құраушы бөліктер және
т.б.) арасындағы себебтік-тергеулік байланысты нақтылау және ұсыну
үшін мәселелер 3-қосымшада көрсетілген себепті-тергеулік диаграмма
қолданылуы мүмкін.
Ю.Н.Лапыгиннің пікірі бойынша бұл диаграмма мәселелердің
мүмкін болатын себептерін анықтау үшін арналған, сонымен қатар
оларды шешу үшін бағытталған әрекеттерді жоспарлау үшін
қолданылады [150].
●
Достарыңызбен бөлісу: