Кайлюбаева галия жумагалиевна антонова галина александровна калиева гульназ агыбаевна



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата19.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#103318
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
Пр.нав Акушерства Каюлюбаева (3)

ГЛАВА ІІІ 
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР 
Анамнез жинау және жүкті (босанған) әйелді жалпы тексеру  
Студентке  тапсырма:  жүкті  (босанған)  әйелден  анамнез  жинастыра 
отырып,  анықталған  мәліметтер  бойынша  емтихан  қабылдаушыға 
жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.  
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.  
Емтихан  қабылдаушыға  ақпарат:  студенттің  анамнез  жинауының 
дұрыстығын төмендегі әрбір  пункт бойынша бағалаңыз. 
 
1
 
Жүкті/босанушы әйелді мейіріммен және ілтипатпен қарсы 
аламыз.  Өзімізді  таныстырамыз.  Алынған  ақпарат  құпия 
күйінде сақталатындығын түсіндіреміз. 
1  0,5  0 

Паспорттық  мәліметтерді  анықтаймыз:  аты-жөні,  жасы, 
мекен-жайы, мамандығы, жұмыс орны. 
1  0,5  0 

Негізгі 
шағымдарын 
сұрастырып 
анықтаймыз, 
шағымдардың  пайда  болу  себептерін  нақтылаймыз, 
олардың  күшею немесе басылуына әкелетін жағдайларды 
анықтаймыз.
 
1  0,5  0 

Өмір  анамнезін  анықтаймыз:  хронологиялық  реттілікпен 
балалық  шақтан  бастап  басынан  өткен  аурулары, 
операциялары.  Созылмалы  аурулары  болса,  аурудың 
ұзақтығын,  мамандарда  бақылану  жиілігі,  соңғы  өршу 
уақытын  анықтаймыз.  Әйелден  вирустық  гепатитпен, 
туберкулезбен,  жыныстық  жолмен  жұғатын  аурулармен 
ауырғандығын,  эпидқоршауын  сұрастырамыз.  Жұбайын, 
оның жасын, денсаулығын.  
1  0,5  0 

Арнайы  анамнез:  етеккір  қызметі  туралы  мәлімет 
жинаймыз  (менархенің  басталуы,  қашан  тұрақталғаны, 
ұзақтығы,  неше  күннен  кейін  қайталанады,  аз  мөлшерде, 
мөлшерлі немесе көп мөлшерде, соңғы етеккір күні). 
1  0,5  0 

Жыныстық  өмірі  неше  жастан  басталғанын  нақтылаймыз, 
некеде  тұра  ма,  нешінші  неке.  Бұрын  болған 
гинекологиялық  аурулары  туралы  мәліметті  (қандай, 
қашан)  нақтылаймыз. 
1  0,5  0 

Акушерлік  анамнез  жинаймыз:  болған  жүктіліктерінің 
хронологиялық реттілігі, олардың нәтижелері, туған кезде 
1  0,5  0 


 
45 
балаларының  салмағы.  Босану  және  жүктілік  кезіндегі 
асқынулары (қандай, қашан). 

Осы  жүктіліктің  ағымын  анықтаймыз:  әйелдер  кеңесіне 
бірінші  рет  келген  кезде  жіктілік  мерзімі  және  күні,  
триместрлер бойынша  жүктіліктің ағымы туралы мәлімет.                  
1  0,5  0 

Тері  жабындылары  және  көзге  көрінетін  шырышты 
қабаттарының түсін, перифериялық ісінулердің болуын, аяқ 
тамырларының  жағдайын  қарап  тексереміз.  Артериялық 
қан  қысымын  өлшеп,  тамыр  соғысын  тексереді.  Жүрек, 
өкпе  аускультациясы,  іш,  бауыр  пальпациясы,  қажет 
жағдайда бауыр перкуссиясы жүргізіледі. 
1  0,5  0 
10  Шыдамды  және  ілтипатты  түрде  емшараны  жүргізу 
барысын жүкті (босанушы) әйелге түсіндіріп, сұрақ қоюға 
мүмкіндік береміз. 
1  0,5  0 
Максимальды берілетін ұпай  саны   – 10 


 
46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет