Кайлюбаева галия жумагалиевна антонова галина александровна калиева гульназ агыбаевна


Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата19.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#103318
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Пр.нав Акушерства Каюлюбаева (3)

Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)  
Студентке  тапсырма:  жүкті  (босанушы)  әйелге  сыртқы  акушерлік 
зерттеу  жүргізіңіз.  Сонымен  қатар  емтихан  қабылдаушыға  жасап 
жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.  
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут. 
Емтихан  қабылдаушыға  мәлімет:  төменде  көрсетілген  пунктер 
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз. 
 

Жүкті 
(босанушы) 
әйелге 
тексеру 
қажеттілігін 
түсіндіреміз.  Қолды  жуамыз.  Бір  реттік  орамалмен 
сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз.  

0,5  0 

 Жүкті  (босанушы)  әйел  арқасымен  жатады,  іш  бұлшық 
еттерін  босаңсыту  үшін  аяқтарын  жамбас-сан  және  тізе 
буындарында бүгеді.  

0,5  0 

Жүкті (босанушы) әйелге қарап оң жағынан тұрамыз.  

0,5  0 

Бірінші  әдіс:  екі  қолдың  алақанын  жатыр  түбіне 
орналастырамыз, саусақ ұштары бір-біріне бағытталады, 
ұрықтың  орналасуын  анықтаймыз  (жатыр  түбінде  ірі 
бөліктің  бар-жоқтығын)  және  қасағадан  жоғары  жатыр 
түбінің биіктігін анықтаймыз.  

0,5  0 

Екінші  әдіс:  қолды  жатыр  түбінен  жатыр  бүйіріне  
ауыстырамыз. Екі қолды кезектестіріп  жатырдың  бүйір 
бөліктерінің    пальпациясын  жүргіземіз.    Ұрықтың 
арқасының  және  ұсақ  бөліктерінің  орналасуы  жайлы 
мәліметтер  алған  соң,  позициясы  және  позициясының 
түрі жайлы қорытынды жасаймыз.   

0,5  0 

Үшінші  әдіс:  ұрықтың  келген  бөлігін  анықтаймыз,  ол 
үшін оң қол алақанын қасағаға қоямыз, ал саусақтармен  
келген бөлігін анықтаймыз.   Қатты және баллотирлеуші 
бөлігі  анықталса,  баспен  келгендігін  білдіреді,  егер 
жұмсақ    және  баллотирленбейтін  болса  –  жамбаспен 
келгендігін білдіреді.  

0,5  0 

Келесі әдісті жүргізу үшін зерттеуші әйелдің оң жағынан 
аяғына қарама-қарсы тұрады. 

0,5  0 

Төртінші  әдіс  арқылы  ұрықтың  келген  бөлігінің  кіші 
жамбас  кіреберісіне  қатынасын  анықтаймыз  және  бұл 
әдіс босану кезінде қолданылады.  

0,5  0 

Екі  қолдың  алақанын  ортаңғы  сызықтан  латералды, 
қасаға  сүйегінің    көлденең  тармағының    үстінен 

0,5  0 


 
49 
орналастырамыз.  Біртіндеп  қолдарды    ұрықтың  келген 
бөлігі мен кіші жамбас кіреберіс жазықтығының арасына 
жылжытамыз,  келген  бөлігінің  кіші  жамбас  кіреберіс 
жазықтығына қатынасын анықтаймыз.  
10  Алынған  мәліметтер  негізінде  ұрықтың  орналасуы, 
позициясы,  түрі,  келген  бөлігінің  кіші  жамбас 
кіреберісіне  қатынасы  туралы  қорытынды  жасаймыз. 
Қолғапты  шешіп,  утилизацияға  арналған  контейнерге 
тастаймыз  және қолды жуамыз. 

0,5  0 
Максимальды берілетін ұпай  саны  – 10 


 
50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет