Кайлюбаева галия жумагалиевна антонова галина александровна калиева гульназ агыбаевна



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата19.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#103318
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
Пр.нав Акушерства Каюлюбаева (3)

Ішкі акушерлік зерттеу  
Студентке  тапсырма:  жүкті  (босанушы)  әйелге  қынаптық  зерттеу 
жүргізіңіз.  Сонымен  қатар  емтихан  қабылдаушыға  жасап  жатқан 
әрекетіңізді айтып отырыңыз.  
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут. 
Емтихан  қабылдаушыға  мәлімет:  төменде  көрсетілген  пунктер 
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз. 
 

Жүкті  (босанушы)  әйелге  тексеру  қажеттілігін  түсіндіреміз. 
Әйел    арқасына  жатып,  аяқтарын  жамбас-сан  және  тізе 
буындарында бүгеді және ашып жатады.  
1  0,5  0 

Пациенттің  сыртқы  жыныс  мүшелерін  өңдейміз.  Қолды 
жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын 
қолғапты киеміз. 
1  0,5  0 

Ішкі акушерлік зерттеуді сыртқы жыныс мүшелерін қараудан 
(түктенуі, дамуы, вульваның ісінуі, тамырлардың варикозды 
кеңеюі), 
шатаралығын 
(оның 
биіктігі, 
серпімділігі, 
тыртықтардың  болуы)  және  қынаптың  кіреберісін  қараудан 
бастаймыз. 
1  0,5  0 

Қынапқа    ортаңғы  және  сұқ  саусақтардың  фалангаларын 
енгізіп, зерттеуді жүргіземіз (оның ені және ұзындығы, қынап 
қабырғаларының 
қатпарлығы 
мен 
созылғыштығы, 
тыртықтардың,  ісіктердің,  перделердің  және  басқа  да 
патологиялық жағдайлардың болуы). Жамбас сүйегінің ішкі 
бетін пальпациялаймыз. 
1  0,5  0 

Жүкті әйелдің жатыр мойнын тауып,  оның жетілу дәрежесін 
анықтаймыз: жамбастың өткізгіш  осі бойынша орналасуын, 
формасын,  көлемін,  консистенциясын,  қысқаруын,  аранның 
өткізгіштігін. 
1  0,5  0 

Босану  кезінде  жатыр  мойнының  жағдайын  (қысқарған, 
тегістелген),  аранның  ашылу  дәрежесін  сантиметрмен,  аран 
жиектерінің жағдайын (жұмсақ немесе тығыз, қалың немесе 
жұқа) аныктаймыз. Ұрық көпіршігінің жағдайын (бүтіндігін, 
бүтіндігінің  бұзылуын,  кернеу  дәрежесін,  алдыңғы  судың 
көлемін) анықтаймыз. 
1  0,5  0 

Ұрықтың  келген  бөлігін  анықтаймыз  –  жамбасы,  басы, 
аяқтары, танып ажырату пункттеріне көңіл бөлеміз: басында 
– тігістері, еңбектері, жамбасында– сегізкөз және құйымшақ. 
Келген бөлігі қайда орналасқанын анықтаймыз: кіші жамбас 
1  0,5  0 


 
51 
кіреберісінен жоғары, кіші жамбас кіреберісіне тірелген, кіші 
не  үлкен  сегментпен  кіші  жамбас  кіреберісінде  немесе 
қуысында, шыға берісінде. 

 Егер  келген  бөлігі  жоғары  тұрса  және  сегізкөз  мүйісіне 
саусақ  жетсе,  диагоналді  конъюгатаны  өлшейміз  (conjugata 
diagonalis)  –  мүйіс  пен  симфиздің  төменгі  жиегінің  аралығы 
(қалыпты  жағдайда-13см).  Қынапқа  енгізілген  саусақтармен 
мүйіске жетуге тырысамыз және  ортаңғы саусақ ұшын  оған 
тигіземіз.  Бос  қолдың  сұқ  саусағын  симфиздің  төменгі 
жиегіне  апарып,  ішкі  колдың  қасаға  доғасының  төменгі 
шетімен  тікелей түйіскен жерін белгілейміз. 
1  0,5  0 

Қынаптан саусақтарды  шығарамыз.  Ішкі қолда белгіленген 
қашықтықты  сантиметрлік  лентамен  немесе  жамбас 
өлшегішпен өлшейміз.  Диагноналді   коньюгатаның өлшемі  
арқылы шынайы коньюгата өлшемін анықтаймыз. 
1  0,5  0 
10  Алынған  мәліметтер  негізінде  қорытынды  жасаймыз. 
Қолғапты  шешіп,  утилизацияға  арналған  контейнерге 
тастаймыз және қолды жуамыз.  
1  0,5  0 
Максимальды берілетін ұпай  саны  – 10 


 
52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет