Жүктілік және босану мерзімін анықтау
Студентке тапсырма: жүкті (босанушы) әйелдің жүктілік мерзімін
және босану уақытын анықтаңыз. Сонымен қатар емтихан
қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1
Жүкті (босанушы) әйелге тексеру мәнін түсіндіреміз.
1 0,5 0
2
Жүктілік мерзімін соңғы етеккір (СЕ) бойынша
анықтаймыз. Соңғы етеккірдің бірінші күнін 1-ші күн
деп емес, 0-ші күн деп санаған жөн. 0-6 күн аралықтары
сәйкесінше «толық нөлдік аптаны» құрайды, ал 7-13
күндер – «толық бірінші аптаны» құрайды. Егер соңғы
етеккір күні белгісіз болса, жүктілік мерзімін сенімді
клиникалық мәліметтерге сүйеніп анықтаймыз.
1 0,5 0
3
Жүктілік мерзімін овуляция бойынша анықтаймыз.
Күтілетін, бірақ болмай қалған етеккір күнінен 14-16
күнді алып тастаймыз, ол циклдің ұзақтығына
байланысты болады және күнтізбе бойынша тексерілу
күніне дейін жүктілік мерзімін есептейміз.
1 0,5 0
4
Жүктілік мерзімін ұрықтың бірінші қозғалған күні
бойынша анықтаймыз. Алғаш босанушыларда бұл
жүктіліктің 20 аптасы, қайта босанушыларда – 18
аптасына сәйкес келеді. Әрі қарай күнтізбе бойынша
тексерілу күніне дейін жүктілік мерзімін есептейміз.
1 0,5 0
5. Босану уақытын ұрықтың бірінші қозғалған күні
бойынша анықтау үшін, алғаш босанушы әйелдерге
ұрықтың бірінші қозғалған күніне 20 апта, қайта
босанушыларға – 22 апта қосамыз.
6
ЖДА, әйелдер кеңесіне бірінші рет ерте келген кездегі
мәліметтер бойынша, келу күнін нақтылап, жүктілік
мерзімін анықтаймыз.
1 0,5 0
7
Объективті мәліметтер бойынша, іш айналымы және
жатыр түбі биіктігінің көрсеткіштерін және жүктіліктің
12 аптасына дейін жасалған бимануальды зерттеу
мәліметтерін ескеріп жүктілік мерзімін анықтаймыз.
1 0,5 0
8
Жүктілік
мерзімін
УДЗ
мәліметтері
бойынша
анықтаймыз, егер зерттеу 16 аптаға дейін жүргізілсе.
1 0,5 0
53
9
Босану
мерзімін
Негеле
формуласы
бойынша
анықтаймыз: соңғы етеккірдің алғашқы күнінен 3 айды
алып тастап, 7 күнді қосамыз.
1 0,5 0
10 Жүктілік
мерзімін есептеу кезінде күндермен,
апталарды ескерген жөн.
Алынған мәліметтер негізінде жүктілік мерзімі және
болжам босану мерзімі туралы қорытынды жасаймыз.
1 0,5 0
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
|