68
Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
Студентке тапсырма: пациентке зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар
емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1
Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. 1 0,5 0
2
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз.
1 0,5 0
3
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір
рет қолданылатын қолғапты киеміз.
1 0,5 0
4
Сыртқы жыныс мүшелерін қараймыз, түтіктену
түрін, үлкен және кіші жыныс еріндерінің
құрылымын, шат аралығының жағдайын, жыныс
еріндерінің жабылуын бағалаймыз.
1 0,5 0
5
Сол қолдың бас және сұқ саусағымен үлкен жыныс
еріндерін ашамыз, қынаптың кіреберісін, қынап
қабырғаларының және жатырдың төмен түсуін,
шырышты қабатының түсін, бөліністердің сипатын,
зәр шығару өзегінің сыртқы саңылауын, уретра маңы
және қынап кіреберісінің үлкен бездерінің шығару
өзектерінің жағдайын қараймыз.
1 0,5 0
6
Жатыр мойны мен қынап қабырғасын айнамен
қараймыз, ол үшін қасық тәрізді айнаны тік өлшемде
енгізіп, содан кейін кіші жамбас шығаберісінің
көлденең
өлшеміне
ауыстырамыз.
Айнаға
параллельді көтергішті енгіземіз.
1 0,5 0
7
Айнамен қарауда жатыр мойнының пішінін (конус
тәрізді,
цилиндр
тәрізді,
деформацияланған),
шырышты қабатының түсін бағалаймыз. Жатыр
мойнындағы патологиялық үрдістерді анықтаймыз.
Сыртқы аран жағдайын ("қарашық" симптомы),
қынаптың
шырышты
қабатының
жағдайын
(қатпарлығы, бөліністері) бағалаймыз.
1 0,5 0
8
Көтергішті шығара отырып, қынаптың алдыңғы
қабырғасын бағалаймыз, содан кейін айнаны шығара
отырып - қынаптың артқы қабырғасының шырышты
қабатының жағдайын бағалаймыз.
1 0.5 0