Кайлюбаева галия жумагалиевна антонова галина александровна калиева гульназ агыбаевна



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата19.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#103318
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Пр.нав Акушерства Каюлюбаева (3)

Бимануальды  зерттеуді  жүргізу  
Студентке  тапсырма:  пациентке  қынаптық  зерттеуді  жүргізіңіз. 
Сонымен  қатар  емтихан  қабылдаушыға  жасап  жатқан  әрекетіңізді 
айтып отырыңыз.  
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.  
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер 
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
 
 

Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. 
1  0,5  0 

Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. 
1  0,5  0 

Қолды  жуамыз.  Бір  реттік  орамалмен  сүртеміз.  Бір 
рет қолданылатын қолғапты киеміз. 
1  0,5  0 

Сол  қолдың  сұқ  және  ортаңғы  саусақтарын,  жыныс 
еріндерін  аша  отырып,  қынапқа  екі  саусақты 
енгіземіз (бірінші  – шат аралығын басатын ортаңғы 
саусақ, содан кейін сұқ саусақ).  
Жатырды  тексереміз,  оның  өлшемін,  орналасуын, 
консистенциясын,  қозғалмалылығын,  ауырсынуын 
анықтаймыз.  
1  0,5  0 

Сау 
жағынан 
бастап 
жатыр 
қосалқыларын 
зерттейміз. Бұл кезде олардың орналасуын, көлемін, 
консистенциясын,  формасын,  қозғалмалылығын, 
ауырсынуын және т.б. анықтаймыз. 
1  0,5  0 

Қынап  күмбездерінің  ерекшеліктерін  анықтаймыз 
(жазылуын,  тығыздалуын,  томпаюын,  ауырсынуын, 
флюктуацияны). 
1  0,5  0 

Қынаптан  саусақтарды  шығарамыз,  бөліністер 
сипатын бағалаймыз (қанды, іріңді, шырышты). 
1  0,5  0 

Қолғапты  шешіп,  арнайы  контейнерге  тастаймыз 
және қолды жуамыз. 
1  0,5  0 

Амбулаториялық  картаға  немесе  ауру  тарихына 
мәліметтерді жазамыз. 
1  0,5  0 
10  Емшара барысында науқасқа  сұрақ қоюға мүмкіндік 
беріп,  ілтипат  пен  шыдамдылық  таныта  отырып  өз 
әрекетімізді түсіндіреміз. 
1  0,5  0 
Максимальды берілетін ұпай  саны  – 10 
 
 
 


 
71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет