60
Нәрестені босану кезінде бағалау
және алғашқы
күтімі
Студентке тапсырма: нәрестені туғаннан кейін бағалаңыз және
алғашқы күтімін сипаттап беріңіз. Сонымен қатар емтихан
қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер
бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1
Жаңа туған нәрестеге қажетті жабдықтарды алдын ала
дайындау. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен
сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз.
1 0,5 0
2
Босанғаннан кейін бірден 30 секунд ішінде нәрестенің
жағдайын бағалаймыз.
Егер оның жағдайы қауіп туғызбаса, жылы, таза
жаялықпен
сүрткеннен
кейін
анасының
ішіне
жатқызамыз. Басына таза, мүмкін болса үйінен әкелінген
қалпақты, аяғына носки кигіземіз. Сулы жаялықты
тастап, нәрестені таза, құрғақ жаялықпен және қосымша
көрпемен жабамыз.
1 0,5 0
3
Кіндік бауы стерильді қайшымен екі қысқыш арасында
тамыр пульсациясы аяқталғаннан кейін кесіледі.
1 0,5 0
4
Нәрестенің алғашқы күтімі:
- нәрестенің тыныс алуын және тері жамылғыларының
түсін босанғаннан кейінгі алғашқы 1 -сағатта 15 минут
сайын және 2-сағатта 30 минут сайын бағалау. Егер
терінің түсі көгерсе немесе тыныс алуында киындық
туындаса (1 минутта <30немесе>60), маска арқылы
оттегі беру және дереу неонатологты шақыру қажет;
1 0,5 0
5
- босанғаннан кейін 30 минуттан соң және басқа бөлімге
ауыстырмас
бұрын
электрондық
термометрмен
нәрестенің
дене
температурасын
өлшеу,
егер
температурасы 36,5 С төмен болса – жылы жаялық,
қалпақ және носкиді ауыстырып кигізу кажет, нәрестені
жылыту үшін қосымша әдістерді колдану (анасымен
бірге жатқызып қосымша көрпе жабу, анасы мен баласы
жатқан төсектің үстіне жылытқыш лампаны қою және
т.б.);
1 0,5 0