Кіріспе
Консилиум – бір немесе басқа білім саласындағы сарапшылардың,
мамандардың мәжіліcі, өзара кеңесуі. Психологиялық-педагогикалық
консилиум әлсін-әлсін жиналып, қандай да бір мәселені, мысалы,
оқушылардың алдын ала белгіленген параметр бойынша оқығандарын, оқи
алатынын және шынайы оқудағы мүмкіндіктерін талқылайтын және
бағалайтын мамандардың бірлестігін білдіреді. Консилиум мәжілісіндегі оқыту
үдерісінің сапасын арттыру бойынша мұғалімдердің жұмысы жағдайында
оқушылардың болжамды үлгерімдері ғана емес, сонымен бірге
үлгермеушіліктің себептері талқыланады және оқушылардың білімдері мен
жалпы оқу икемділіктеріндегі ақтаңдақтарды жеңу бойынша шаралар жүйесі
туралы шешім қабылданады.
Алғаш рет оқушыны алдын ала әзірленген теория мен оқу үдерісін
тиімділеу әдістемесінің аясында оқытудың мүмкін болатын нұқаларын ішінен
ең жақсысын таңдау негізіндегі сапада жалпы білім беру мекемесіндегі
педагогикалық консилиум әдістемесін академик Ю.К. Бабанский құрды және
сынап көрді.
Арнайы білім беру ұйымдарындағы (арнайы балабақшалар, арнайы
мектептер) психологиялық-педагогикалық консилиум мамандар (психолог,
логопед, дефектолог, әлеуметті педагог және т.б.) мен педагогтардың өзара
әрекеттесуі ретінде психофизикалық дамуында бұзылыстары бар балаларды
кешенді және психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай тәсілдемесін
жасау үшін белсенді қолданылады. Консилиум қарастырылған санаттағы
балалардың білім алудағы қажеттіліктерінің сан алуандығына байланысты
оларды оқыту мәселелерін шешудің командалық, мультидисциплинарлық
тәсілдемесінің маңызды шартты талабы болып табылады. Консилиум
мүшелерінің жұмысының негізгі тәсілдеріне талқылау және сараптамалық
бағалау жатады.
Инклюзивтік білім беру практикасын жалпы білім беру мектептерінде
дамыту олардың құрылымдарында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының өзара
әрекеттесу түрі ретіндегі консилиумдерді құру өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік ұсынымда мектептік психологиялық-педагогикалық
консилиумдарын ұйымдастыру және қызмет істеуі мәселелері ашып
көрсетіледі, қажетті құжаттардың үлгілері беріледі.
4
|