-
ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы;
-
ҚР «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;
-
ҚР «Білім туралы заңы»; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру
мәселелері бойынша заңнамасы;
-
№ ... ОБМ-інің жарғысы;
-
№ ... ОБМ-інің ішкі еңбек тәртібінің ережелері; № ... ОБМ-інің
басшылығының бұйрықтары мен үкімдері;
-
еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен
нормалары;
-
осы лауазымдық нұқсаулық;
-
еңбек шарты.
1.7.
Дефектолог мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
-
БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Кемтар балаларды
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңдарды және
инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік актілерді;
-
№ ... ОБМ-інің білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы
мен жергілікті актілерді;
-
кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік
және әдістемелік құжаттар;
-
арнайы педагогика мен арнайы психологияны;
-
дефектологияның анатомиялық-физиологиялық клиникалық негіздерін;
-
дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету
бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
-
баланың зерделік, сенсорлық және жүйкелік-психикалық дамуындағы
ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін;
-
зерделік, сенсорлық дамуында ауытқушылықтары бар балалармен
жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті;
-
дефектологиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді.
1.8.
Дефектолог мұғалімнің жалақысы оның білімі мен біліктілік
деңгейіне сәйкес есептеледі.
1.9.
Дефектолог мұғалім № ... ОБМ-інің басшысының бекіткен 18
сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте
бойынша жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: