Кіріспе
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне
әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып
табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР
«Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген.
Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік
популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесе\және балалардың
психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір
қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет.
Әсіресеоқудағы қиындықтар мүмкіндіктері шектеулі балаларда жиі кездеседі.
Осыған байланысты мектептік ортада аталған санаттағы оқушылардың білім
алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы білім беру
жағдайларын құру өзекті мәселе болып отыр. ҚР «Білім туралы» заңында
арнайы білім беру шарттарына кіретіндер: «мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың жалпы білім беру және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын
меңгерулері арнайы тәсілдерсіз, техникалық және басқа да құралдарсыз,
тіршілік әрекет ортасынсыз, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және т.б.
қызметтерсіз мүмкін емес» [1].
Арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау
мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір
баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен
қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдайқұрылатын балаға көмек (немесе
қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оқудағы қиындық
байқалымының анықтық деңгейіне қарай оқушыны қолдаудың түрі қысқа
мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны білім беру (оқу-
тәрбиелеу) үдерісі. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні – баланың
әлеммен, қоршағандармен (ересектер, құрдастары), өзімен-өзілік қатынастың
жүйесі ретіндегі оның даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды
қолдау әр түрлі мамандардың (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың,
әлеуметтік педагогтың) өзара тығыз әрекетін, жұмыстың командалық түрін
білдіреді.
Осы әдістемелік ұсынымда жалпы білім беру үдерісіне қосылған
мүмкіндіктері
шектеулі
оқушыларды
психологиялық-педагогикалық
қолдаудың міндеттері, негізгі қағидалары, ұйымдық негіздері мен мазмұны
ашып көрсетілген.
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында 2012-2015 ж.ж. Қарағанды
қаласындағы №27 АБМ-інде апробациядан өткен, білім алуда ерекше
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың
негізгі қағидалары, ұйымдық негізі және мазмұны пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: