Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации


  Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық



Pdf көрінісі
бет8/132
Дата21.12.2021
өлшемі1,39 Mb.
#104347
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132
Байланысты:
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

3  
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық  
    
қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандар  қызметінің мазмұны  
 
Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  оқудағы  жетістігі    қолдаудың  әрбір 
маманының онымен жүргізген  жұмысының тиімділігімен ғана анықталмайды. 
Баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісіне  қатысқан  барлық  ересектердің 
қызметінің  үйлесімділігі;  баланың  мәселесін  түсінудегі  және  оларды 
шешудегіынтымақтастық;  практикадағы  өзара  түсіністік  пен  өзара  әрекеттену 
де өте маңызды болады. 
Жалпы  білім  беру  жағдайындағы  әр  түрлі  бейінді  мамандардың  өзара 
әрекеттену  тәсілдері  қазіргі  кезде    әдістемелік  тұрғыда  толық  қамтамасыз 
етілмеген,  соған  орай  практикада  да  әлсіз  жүзеге  асырылады.  Мамандар    кей 
кезде  бірін-бірі  қайталайды,  кейбір  жағдайда  олардың  әрекеттері    түзете 
дамыту  міндеттеріне  сәйкес  келмейді,  ал  кейбір  жағдайда  қайшы  келеді.Сол 
себепті  жалпы  білім  беру  жағдайындағы  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  идеясын  жүзеге  асыру  мамандардың 
жұмыс  командасын  ұйымдастырмай,  мамандардың  атқарымдары  нормативтік 
тұрғыда    бөлінбей  және  бекітілмей  мүмкін  болмайды  (Б  қосымшасы). 
Командалық тәсілдемені қалыптастырудың  негізгі бір мәселесіне  жалпы білім 
беру  үдерісіндегі  әр  түрлі  бейінді  мамандардың  өзара  әрекеттенуінің 
алгоритмін  әзірлеу  жатады.  Мамандардың  осындай  өзара  әрекеттенуі  
мүмкіндігі шектеулі баланың бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу және  жүзеге 
асыруға,  оның  жанұясына,  сондай-ақ    жалпы  білім  беру  ұйымдарының 
педагогтарына  көмек  көрсету  қызметін  ұйымдастыруға  бағытталуы  қажет.  
Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері: 
-
 
команданың  барлық  мүшелері  жағынан  өзара  сыйласымдылық,  өзара 
түсіністік, адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары; 
-
 
команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және 
олардың  нақты  педагогикалық  міндетті  шешуге  қатысуының  басымдылығын 
сақтау; 
-
 
команданың  барлық  мүшелерінің    түзету  және  оқу-тәрбие    үдерісіне 
қатысуға  тең    құқықтығы,  өзінің  және  ортақ  жұмыс  нәтижелері  үшін 
жауапкершілігі [2]. 
Қолдау қызметінің  негізгі бағыттары: 
-
 
мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға қажеттілігін  
анықтау мақсатында, оларды кешенді тексеру; 
-
 
дене  бітімінде,  зерде  және  эмоциялық  дамуында  ауытқушылықтары, 
оқуда    және  мектепке  бейімделу    қиындықтары  бар  оқушыларды  дер  кезінде 
анықтау, қажет болған жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу; 
-
 
ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі 
және  басқа  да  психикалық  атқарымдарда)  бар  оқушылардың  танымдық 
әрекетінің  даму  деңгейі  мен  ерекшелігін  анықтау,  оқудағы      табыстылықпен 
қамтамасыз  ететін    профилактикалық,  түзету  психологиялық-педагогикалық 
10 
 


және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік  саласы мен 
жеке тұлғалық дамуын зерттеу; 
-
 
мүмкіндігі  шектеулі  баланың  мүмкіндігі  мен  қажеттілігіне  сайма  сай 
жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын 
топтық, топтық түзете дамыту жұмысын жүргізу; 
-
 
психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру; 
-
 
жалпы  және  арнайы  сынып  жағдайындағы  оқушыларға  жекеше  және 
сараланған тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу; 
-
 
дене  тұрғысынан,  зерде  және  эмоциялық  күш  түсу  мен  күйзелістің 
алдын алу,  емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыру; 
-
 
кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.  
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес  
ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  қолдаудың  бағыттылығы,  қарқыны 
және  ұзақтығы  анықталады.  Жалпы  білім  беру  мектебі    оқушыға  оның 
қажеттілігіне  сәйкес  қолдау  түрін  ұсынуға  міндетті.    Бұл  қолдау  қысқа 
мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. 
Қысқа мерзімді қолдау  оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, 
логопедпен, психологпен  түзету сабақтарының қысқа мерзімді   кезеңін қажет 
ететін оқушыларға көрсетіледі (жарты жылға дейін). Бұл кезде оқушы әдеттегі 
сыныпта жалпы білім беру бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқиды 
және    аптасына  бірнеше  рет  оқушының  дамуының  жеке  ерекшелігін    (сөйлеу 
тілінің  дамуындағы  кемшіліктер,  эмоциялық-тұлғалық  жетілмеуі)  дамыту 
немесе  өтемі  бойынша  мамандармен  өткізетін        жекеше  немесе  топтық 
сабақтарға барады. 
Орташа  мерзімді  қолдау    арнайы  дайындалған  педагогтар  мен 
мамандардың  қарқынды  қолдауын  қажет  ететін  және    дамуындағы 
ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты  қиындықтарға кездесетін оқушылар 
үшін  ұйымдастырылады.  Жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі 
орта және жалпы орта) [3] қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес жалпы білім 
беру  мектептеріндегі  бұндай  оқушылар  үшін    білім  берудің  бастапқы 
деңгейінде арнайы сынып жағдайындағы сараланған оқыту ұйымдастырылады. 
Бұл жағдайда ҚР БҒМ бекіткен арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары,  
оқытудың  арнайы  әдіс-тәсілдері,  техникалық  құралдар  мен  жабдықтар 
пайдаланылады.  Денсаулықты сақтаудың педагогикалық түзімімен қамтамасыз 
етіледі:  ұзартылған  күнді  ұйымдастырумен  бірінші  аусымда  оқиды. 
Оқушылармен    психологиялық-педагогикалық    қолдау  қызметінің  мамандары 
мен  дайындалған  мұғалім  жұмыс  жүргізеді.    Мамандармен  жүргізелетін 
жекеше  түзете  дамыту  сабақтары  күннің  екінші  жартысында  өтеді.  Түзете 
дамыту  сабақтарының  түрлері,  оларды  өткізудің  жиілігі  арнайы  оқу 
жоспарымен анықталады. Оқыту үдерісінде оқушыларға қатыстыжекеше және 
сараланған  тәсілдеме  жүзеге  асырылады.  Оқушыларды  қолдаудың  негізгі 
міндетіне МББС оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгерудегі және   оқудағы   
қиындықтардың  себебін  жою  жатады.        Оқыту  үдерісінде  оқушыларға 
ұсынылатын  талаптардың  олардың  даму  деңгейіне,  әлеуетті  мүмкіндіктеріне 
11 
 


және  оқытудың  өткен  кезеңдеріндегі  оқуда  қол  жеткен  жетістіктеріне  
сәйкестігін  бақылауға  бағытталған  педагогикалық  диагностика  жүзеге 
асырылады.   
Арнайы  сыныптың      даму        динамикасы  жағымды  және  оқу  
бағдарламасын табысты меңгерген,   дамуындағы артта қалушылықты жеңген 
және  оқытудың  кез-келген  кезеңінде  оқу  әрекетінің  қажетті  дағдыларын 
меңгерген  оқушыларын  ПМПК  шешімімен,  оқушылардың  өздерінің  және 
олардың ата-анасының келісімімен әдеттегі сыныпқа көшіруге болады.    
Оқушылардың  даму  мәселелерін    бастапқы  сатыда  жеңу  мүмкін  болса, 
онда  олардың  оқуын  оқытудың  келесі  сатыларында  да  арнайы  сынып 
жағдайында  жалғастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  оқушыларды  ұзақ  мерзімді 
қолдау жүзеге асырылады. 
Оқушылардың  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  алу  кезеңінде  пән 
бойынша стандартты оқу бағдарламалары ҚР МББС-ына сәйкес келетін  негізгі  
мазмұнды  сақтай  отырып,  оқушылардың  білімді  меңгеру  ерекшеліктеріне 
сәйкес бейімделеді. Арнайы сынып жағдайындағы балалардың негізгі білім алу 
мерзімі  1  жылға  ұзартылады.  Оқыту    мамандармен  (психологпен, 
дефектологпен, логопедпен) түзете дамыту сабақтары қарастырылатын арнайы 
оқу  жоспарына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Оқушыларды  бағалау    оқу 
үдерісіндегі жүзеге асырылатын бағдарламалар аясында жүреді. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  барлық  сыныптан  тыс  және 
оқудан  тыс  әрекеттері  (үйірмелік,  факультативтік,    тәрбиелік)  әдеттегі  сынып 
оқушыларымен бірге өтеді. 
Мүмкіндігі    шектеулі  баланы  психологиялық-педагогикалық   қолдаумен  
қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары  ата-аналармен жұмысын 
ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты –  мүмкіндігі шектеулі баланы 
оқытудағы  және  тәрбиелеудегі  жанұяның  әлеуетті  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыру. Баланың жанұясымен  жұмыстың  негізгі  міндеттері: 
-
 
ата-аналарда  өзінің баласына деген  сәйкес  қатынасты,  оны жанұяда 
тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру; 
-
 
ата-аналарға  баламен  өзара  әрекеттену  тәсілдерін,  жанұя  жағдайында 
оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін  меңгеруге көмектесу; 
-
 
ата-аналарды    балалармен  жүргізілетін  түзете  дамыту  жұмысына 
белсенді тарту; 
-
 
ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру. 
 
Ата-аналармен жұмыс   жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық 
лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі. 
 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  ата-аналары  (заңды  өкілдері) 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке бағдарламасын  әзірлеу және 
жүзеге  асыру  үдерісіне  тартылады,  сабаққа  және  түзету  сабақтарына 
шақырылады,  түзете  дамыту  және  білім  беру  үдерісінің  нәтижелері  туралы 
шынайы  және толық ақпарат  алады. 
12 
 


 
Арнайы  сыныптарда  оқыған  (ақыл-ойы  дамымаған  балалардан  басқа) 
негізгі  орта  және  жалпы  орта  мектепті  бітірушілер  білім  алу  деңгейіне 
сәйкестілігі туралы куәлік алады. 
 
Ақыл-ойы  дамымаған    оқушыларды  мектепте  оқытудың  барлық  кезеңі 
арнайы  көрнекілік-дидактикалық  құралдар  мен  оқыту  тәсілдерін  пайдалана 
отырып,  ерекше оқу жоспары, бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүзеге 
асырылады.  Оқуды  бітірген  оқушылар    оқытудың  берілген  түріне  арналып 
бекітілген үлгідегі (2007 жылдың 28 желтоқсанындағы ҚР  Үкіметінің №1310 
Қаулысы) оқу туралы куәлік алады. 
 
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқу үдерісінде қолдау 
бір-бірімен  логикалық  байланыста  тұрған,  бірізділік  кезеңдерге  сәйкес 
ұйымдастырылады. 
Қызмет  мамандарының  баланы    психологиялық-педагогикалық  зерттеуі  
қолдаудың    бірінші  кезеңі  болып  табылады.  ПМПК  тұжырымдамасы  бар 
оқушылар,  мектепке  алғашқы  келген  оқушылар,  сондай-ақ    мектепте 
үлгермеушілік  қауіпіне  байланысты  мұғалімдерді  алаңдататын  оқушылар 
тексеріледі.  Соңғы  жағдайда    мұғалімдер  қолдау  қызметіне    мамандардың 
кеңесінің  қажеттілігі  туралы  сауал  жібереді.  Бұндай  сауал  жазбаша  түрде  (В 
қосымшасы) орындалады. 
Балаларды  педагогикалық  зерттеу    диагостикалық  және  жекеше  түрдегі 
арнайы  тапсырмалар      беріле  отырып,  тікелей  сабақ  барысында  жүргізіледі. 
Мұғалім  оқушылардың  серіктестікке  дайындығына,  құрдастарымен  және 
ересектермен қатынас орната білуіне, сабақ оқуға қызығушылығының болуына 
назар  аударады.    Сабақ  барысында  қоршаған  әлем  туралы  білім  мен 
түсініктерінің  көлемі,    санау  операцияларын  меңгеруі,  дыбыстық-әріптік 
талдауы,  кеңістіктік-мезгілдік    түсініктерінің  көлемі  анықталады.  Мұғалім  
оқушының өзінің әрекеттерін  реттеу және басқару икемділігіне,  тұжырымдай,   
пайымдай  білетініне назар аударады.  
Логопедиялық  зерттеу    логопедтің  сабаққа  қатысуынан  және    сөйлеу 
тілінде  бұзылыстары  бар  оқушыларды  анықтаудан  басталады.  Осыдан  кейін  
зерттеу барысында фонематикалық есту қабілеті, сөйлеу тілін түсіну, дыбысты 
айту  жағдайы,  сөздік  қоры,  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылысының 
қалыптасқандығы  зерттелетін  тереңдетілген  жеке-дара  тексеру  жұмысы 
жүргізіледі.  
Психологиялық  зерттеу  мұғалімде  алаңдатушылық  сезімдерін  шақырған 
оқушыларды тексеруден басталады. Бұл оқушының оқу материалын түсінудегі 
қиындықтарына,  оқу  материалын  тез  ұмытып  қалатынына,  алаңдаушылықтың 
жоғары  болуына,  жұмысқа  қабілетінің  төмен  болуына,  сыныптастарымен 
қатынастағы  қиындықтарға,  тәртіп  бұзушылдыққа  және  т.б.  қатысты  болуы 
мүмкін.  Оқушыны    арнайы  ұйымдастырылған  тексеруден  басқа,  психолог 
баланы сабақ әрекеті жағдайында бақылау үшін сабаққа қатысады.  Бақылауды 
тіркеу үшін             Г қосымшасында үлгі ретінде  берілген дайын хаттаманы 
пайдалануға болады. 
13 
 


Сонымен бірге  әрбір нақты жағдайда  түзету жұмысын құру кезінде тірек 
етіп алуға болатындай бала дамуының жағымды жағын көру өте маңызды.  
Қарастырылған  кезең  баланы  зерттеу  нәтижесі  бойынша  мамандардың  
жеке тұжырымда жасауымен аяқталады. 
Оқушыны  тексеруді  жүргізгеннен  кейін  мамандар  алынған  нәтижелерді 
коллегиалды  талқылайды.  Бұл  талқылауды    қолдау  мамандары  қызметінің 
екінші кезеңі ретінде қарастыруға болады. 
Осындай  тексеру  нәтижесін  бірге  талқылау      оқушыны  басқа 
мамандардың  көзімен  көруге  ғана  емес,  сондай-ақ  баланың  мәселелері,  оның 
даму  ерекшеліктері  туралы  бірыңғай  жан-жақты  түсініктерді  алуға,  оқушыға 
оқуда  табысты  болуына  көмектесетін  педагогикалық  шаралар  кешенін 
анықтауға мүмкіндік береді.  Бұл коллегиалды жұмыстың қорытынды бөлігіне  
оқушының  білім  алудағы  жеке  қажеттілігіне  сәйкес  психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің бағдарламасының мазмұнын анықтау, сондай-ақ 
оның дамуына қажетті  түзету және дамыту бағдарламаларын анықтау жатады. 
Бұл жерде  мамандардың бір-бірімен ары қарайғы өзара әрекеттенуін үйлестіру 
мен  келісу  талаптары    талқыланады.  Қажет  болған  жағдайда    оқушымен 
жұмысқа әр түрлі мамандардың қосылу тәртібі анықталады. 
 
Қолдау  мамандары    қызметінің  пәнаралық  қағидасы  оқушының 
қажеттілігіне  жалпы ұғынуды қалыптастыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде  
коллегиалды талқылауды  жүргізудің  қажетті  технолгиясын, яғни  пәнаралық 
өзара  әрекеттену  технолгиясын    талап  етеді.  Бұл  жағдайда  негізгі  «жүктеме» 
оқушының  мәселесін  талқылауды  жүргізу  атқарымын  өзіне  алған  маманға 
түседі.  Жетекші  маманның  маңызды  міндетіне    оқушыға    арнайы 
педагогикалық  көмектің  қажеттілігі  туралы  мамандар  мен  педагогтардың  
өзінің пікірі туралы айтылымдарының  бірізділігін анықтау мен реттеу жатады.  
Коллегиалды талқылаудың қорытынды шешімінде  мамандардың балаға қойған 
қандай да болмасын бірде-бір диагнозының болмауы маңызды.  Талқылаудың 
қорытындысына педагогикалық    қолдаудың  мазмұнына  қатысты  құрылымдық 
ұсынымдар  болуға  тиісті.  Сонымен  бірге,  жеке  түзете  дамыту  сабағының  
болжалды ұзақтығы, сабақтар циклының жалпы ұзақтығы анықталуға міндетті.  
Арнайы  педагогикалық  қолдаудың  мазмұны    психологиялық-педагогикалық  
қолдаудың жеке бағдарламасында бейнеленеді.  
Келесі,  үшінші  кезеңде    қолдау  арнайы  психологиялық-педагогикалық, 
баламен  маманның  түзете  дамыту  жұмысы,  оқу  үдерісіндеоқушыға  мұғалім, 
қосымша  білім  беру  педагогтары  мен  ата-аналарының  көмектесуі    болып 
табылады. 
Бұл  кезеңдегі    психолг  қызметінің  негізгі  бағыттары:    жайлы  яғни  
оқушының  мүмкіндігіне  сәйкес  оқытуды  ұйымдастыруға  көмек;  мұғалімнің 
психологиялық қолдауы; баланың әлеуметтік, эмоциялық және жеке тұлғалық 
дамуына  бағытталған  жеке-дара  жұмыс;  жанұямен  жұмыс  және  оның 
мамандармен  өзара  әрекеттенуін  үйлестіру;  оқушының  сыныптастарымен 
жұмыс.  Психолог  баланың  әлеуметтік  мәртебесін    арттыруға  көмексететін 
топтық психологиялық  түзету  жұмысының  әр  түрлі  технологиясын  пайдалана 
14 
 


отырып,    мүмкіндігі  шектеулі  баланы    құрдастарының    қабылдауына 
бағытталған  жұмысты  ұйымдастырады.      Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  өзі 
қосылатын    бұндай  топтық    жұмыс    оның  құрдастарының  арасындағы   
әлеуметтік  бейімделу  мәселелерін  шешуге  көмектесуге  міндетті.  Психолог 
балаға  балалармен  және  ересектермен  қырым-қатынасты,  өзара  әрекеттенудің 
әдіс-тәсілдерін  қалыптастыруға,  сондай-ақ  өзара  әрекеттену  шегін  түсінуге 
көмектеседі. 
Психолог  баланың  әрекетінің  сипатын:  оның  қарқынын,  жұмысқа 
қабілеттілігін,  өнімділігін,  белсенді  зейін  деңгейін  бағалай  отырып,  педагог 
үшін оқу жүктемесін,  оқу материалының көлемінмөлшерлеу туралы, баланың 
жұмысқа  қабілеттілігін  есепке  ала  отырып,    оқу  материалын  ұсыну  қарқыны 
туралы және  сыныптағы жаппай  жұмыс кезіндегі баланың  өзіндік    қарқынын 
есепке  алу  қажеттілігі  туралы      ұсынымдар  әзірлейді.  Мүмкіндігі  шектеулі 
оқушының    психикалық  қызметін    ұйымдастыру  ерекшелігін  бағалау  оны 
оқытуға арналған  сайма сай  ұйымдастырылған жағдайды тудыруға мүмкіндік 
береді:  сынып  бөлмесіндегі  тиімді  жұмыс  орны,  сыртқы  тіректерді 
ұйымдастыру,    жекеше  тәсілдемені  пайдалана  отырып,  оқу  материалын  беру 
мен бекітудің арнайы тактикасын таңдау. 
Педагог  дефектолгтың    қызметінің  негізгі  мазмұнына  оқу  әрекеттін 
мөлшерлеу; оқу білімін, икемділігі мен дағдыларын меңгерудегі қиындықтарды 
жеңу жатады. Есту қабілеті  бұзылған оқушылармен жұмыста  арнайы педагог  
өзінің  күшін  есту  арқылы    қабылдауға,  сөйлеу  тілін    және  коммуникативтік 
атқарымды  дамытуға  бағыттайды.  Көру    қабілеті  бұзылған      оқушылар    көру 
арқылы  қабылдауды,  кеңістікте  бағдарлауды,  әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдарлауды  дамытуға    мұқтаж  болады.    Тірек-қимыл    аппаратында 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жұмыс  мазмұнына    танымдық  әрекетті, 
кеңістікте  бағдарлауды,  көру  қимылдық  тепе-теңдік  пен  қимылды  дамыту, 
коммуникативтік    атқарымдардың    қалыптасуы    жатады.  Аутистік   
бұзылыстары  бар  оқушылар    тәртіпті  ұйымдастыру,  қатынастың 
коммуникативтік атқарымын дамыту, сенсорлық және сенсомоторлық дамыту, 
танымдық қызметті, кеңістікте бағдарлауды дамыту бойынша  арнайы жұмысқа  
мұқтаж болады.  
Логопед мұғалімнің қызметінің негізгі міндеттері   оқушылардың ауызекі 
және  жазба  сөйлеу  тіліндегі  кемшіліктерді  жеңу,  жазу  мен  оқу  үдерісіне 
қатысатын  жоғары  психикалық  атқарымдарды  дамыту,  коммуникативтік  
дағдыларды қалыптастыру  болып табылады. 
Мамандар    педагогикалық  қолдау  алатын  оқушының  жеке  кестесіне 
сәйкес  күннің  екінші  жартысында  оқушылармен      арнайы  жабдықталған 
кабинетте жеке-дара және топтық сабақтарды өткізеді.  
Мұғалім білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыны сүйемелдеу (қолду) 
бағдарламасын  жүзеге  асыратын  орталық    бейне    болып  табылады.  Сонымен 
бірге  педагогтың  балаға,  оқушының  оқу  әрекетінің  нәтижесінедеген 
көзқарасының, педагогтың оқыту үдересін дараландыра білуінің, мамандардың 
(психолгтың,  логопедтің,  дефектологтың)  ұсыныстарын  ұстануының,  балада 
15 
 


өзіне  деген  сенімділікті  қалыптастыра  білуінің    маңызыүлкен  болады.  
Мұғалімнің    білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  оқушыны  бағаламай 
қабылдауы,  өзгеріске, кәсіптік ізденіске дайындығы, мамандар командасында 
жұмыс істеу дайындығы, педагогикалық оптимизм міндетті түрде  мұғалімнің 
кәсіптік   қасиеттеріне айналуға  тиісті.  
Жұмыстың  түзете дамыту кезеңінің аяқталуы  оқушыны оқу барысында 
динамикалық  бақылау  нәтижелерінталдау    және  қорытынды  тексеру, 
оқушының  жетістігін  зерттеу  болып  табылады.    Қолдау  мамандары  мен 
мұғалімнің  оқушыларды  динамикалық  бақылау  нәтижесін  талдау    тиісті 
құжатқа тіркеледі (Д қосымшасы). 
Сонымен,  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыны 
психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  ұжымдық  келісілген  әрекеттердің 
келесі кезеңдерін қамтиды: 
-
 
педагогикалық сауалды бағалау және оны талдау; 
-
 
оқушының  дамуын  мамандар  командасының  (логопедпен,  педагог 
дефектологпен, дәрігермен, әлеуметтік педагогпен) зерттеуі және бағалауы; 
-
 
оқушыны  сүйемелдеудің  жеке  бағдарламасын  құру  (сүйемелдеу 
мамандарын  анықтау,  олардың  жұмысының  мазмұны,  сондай-ақ  мұғалімдер 
мен ата-аналар жағынан көрсетілетін көмек) және оны жүзеге асыру уақыты; 
-
 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке бағдарламасын жүзеге 
асыру, оқушыны бақылау, қажет болған жағдайда оның мазмұнын түзету; 
-
 
оқушымен  жұмыс  нәтижелерін  коллегиалды  талқылау,  оқушылардың 
оқудағы жетістіктерін зерттеу; 
-
 
оқушыны ары қарай да қолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет