«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#104710
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
9 Қазақ тілі соч

 

2-мәтін 

Қадірлі қазақстандықтар! 

Қымбатты отандастар! 

Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Егер біз 

өз  дамуымызда  жаңа  табыстарға  одан  әрі  қол  жеткізуді  жоспарлайтын  болсақ,  олардың 

әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. 

Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының 

өзін  өзгертеді.  Технологиялық  жаңалықтар  әлемдік  нарықтың  құрылымы  мен 

қажеттіліктерін  түбегейлі  өзгертеді.  Біз  бұрынғыға  қарағанда  мүлде  өзгеше  технологиялық 

болмыста өмір сүріп жатырмыз. 

Цифрлық  және  нанотехнология,  регенеративтік  медицина  және  басқа  да  көптеген 

ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті 

ақиқатқа айналады. 

Қазіргі  уақытта  ең  үлкен  әлемдік  проблемалардың  бірі  –  күшейе  түскен  әлеуметтік 

тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. 

Бүгінде  әлемде  екі  жүз  миллионға  жуық  адам  жұмыс  таба  алмай  отыр.  Еуропалық 

Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген 

жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама 

қолайлы  болып  отырғанын  мойындау  керек.  Бүгінде  біз  бүкіл  жаңа  тарихымыз  ішіндегі 

жұмыссыздықтың ең төменгі  деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, 

біз масаттануға тиіс емеспіз. 



11 

Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға 

сөзсіз  қысым  көрсетіп,  біздің  төзімімізді  сынаққа  алатын  болады,  сондықтан  күн  тәртібіне 

әлеуметтік  қауіпсіздік  және  әлеуметтік  тұрақтылық  мәселесі  қойылады.  Біз  үшін  маңызды 

міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет