2-мәтін
Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды.
Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп
хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп
жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты
саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде
Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен
Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары
арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700
миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі", - дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің
көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. "Қазақстанның позитивтік
имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі
әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік
қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.
"Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық
ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту
жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times,
Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз", - дейді
мәжілісмен өзінің сауалында. Сонымен қатар депутат бұл жобаларды іске асыру үшін
мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты.
Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту
арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт
болады.
29
Оқылым
Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз
көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда түсіндірмелі, кезектес, талғаулы салалас
құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |