Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық



Pdf көрінісі
бет114/121
Дата25.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#104835
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Серменде –
 
сенделіп, босқа жүретін адам.
 
Серне
 

 
бірнеше  адамның  бірігіп  мал  сойып  жеуі,  басқосу 
салтанаты.
 
Сері –
 
сәнді киініп, салдық құратын өнерлі кісі.
 
Соғым  басы  –
 
соғым  сойған  үйдің  көршілері  мен  ауылдың 
үлкендерін шақырып ас беруі

Сойғақ  –
 
зираттың  басына  белгі  ретінде  қойылатын  таяқ,  діңгек 
ағаш.
 
Сопы –
 
дін жолына түскен құдайшыл адам.
 
Сөзі дуалы –
 
айтқаны келетін киелі қария.
 
Сұрау салу –
 
хабар
-
ошарсыз кеткен адамды іздеу.
 
Сүйек жаңғырту –
 
қайтадан
 
қыз беріп құда болу.
 
Сүйекші –
 
өлікті
 
жерлеуші, қоюшы адам.
 
Сүйінші –
 
жақсылықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, 
жоралғы.
 
Сүндет той –
 
сүндетке отырғызылған балаға жасалатын той. 
 
Сүндетке отырғызу –
 
ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде 
жасалатын рәсім.
 
Сүт кенже –
 
ең соңғы
 
туған бала.
 
Сыбаға –
 
құрметті
 
үлкен адамдарға арнап сақталатын тағам
-
ас.
 
Сыңсу  –
 
ұзатылған
 
қыздың  туған
-
туыс,  ел
-
жұртымен  жылап 
қоштасуы

Сыралқы  –
 
аңшы,  егіншіден,  т.б.  кәсіпкерлерден  алынатын  үлес, 
олжа, сый.
 
Семья

некеге  немесе  қандас  туысқандыққа  негізделген  қоғамдық 
шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет