Тәрбиелілік
-
тәрбие
нәтижелілігінің барынша жалпы көрсеткіші.
Тәрбие процесін бағалау критериясы
-
өлшем, эталон
-
тәрбие
процессі элементтеріне тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін, тәрбие
нәтижелерінің көздеген мақсатқа сәйкестігінің өлшемі.
Тәлім –
үлгі
-
өнеге, тәрбие.
Тәлімгер –
жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысы бар (әке
-
шеше, мұғалім
т.б.) адамдардың отрақ атауы.
Тән қуаты –
адам денесінің, оның саулығының өлшемі.
Тәу ету –
қасиетті
деген нәрсеге бас ию, маңдайын тигізу, тағзым
ету.
Тәубе –
шүкіршілік ету, барға қанағат ету өлшемі.
Тәурат –
еврейлердің діни кітабы (Библия).
Телім –
үлес, сыбаға, тиесі.
Теріс бата –
риза болмағанда қолдың сыртын жайып, қарғыс айту.
Тобыр –
топталған, жиналған қалың топ.
Тозақ
–
о дүниеде өлгендердің рухын азаптайтын жазалау орны.
Той бастар –
ұзатылатын
қыздың тойында айтылатын кәделі өлең
-
жыр.
Достарыңызбен бөлісу: |