Биосинтез өнімдерін бөліп алу.
Алдымен жасуша ішіндегі өнімдерге төмендегі
əдістердің бірін қолдана отырып жасуша қабықшасын бұзуы қажет.
Жасушалардың дезинтеграциясы
. Бұл жағдайда жасуша қабықшасының бұзылу
процесі физикалық (мұздатып ығыстыру, ультрадыбыс əсері, қысымды күрт түсіру) немесе
химиялық тəсілдері арқылы жүреді.
Гидролиз
– жасуша қабықшасының бұзылуы химиялық реагенттер жəне
температураның əсерінен жүреді.
Ферментолиз
–жоғарғы температурада ферменттердің əсерінен жасуша қабықшасының
бұзылуы.
Экстракция
– көзделген өнімнің су фазасынан сумен араласпайтын органикалық
сұйыққа ауысуы.
Тұндыру
– еріген өніммен əрекеттесіп, оны қатты фазаға айналдыратын реагентті
сұйыққа қосу арқылы қажет затты бөліп алу.
Адсорбция
– сорбция арқылы сұйықтықта еріген өнімнің қатты күйге айналуы.
Ультрафильтрлеу,
центрифугалау,
ультрацентрифугалау
–
ақуыздарды,
полипептидтерді, полинуклеотидтеді, вирустарды, жасуша органеллаларын бөліп алуда
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |