Өнімді концентрлеу.
Өнімді тазартқаннан кейін ол ерітіндіде аз концентрацияда
болады.. Келесі мəселе – концентрацияны көбейту. Биотехнологиялық сатыдан кейін
суспензияда көзделген заттың мөлшері 0,1-1%, биомассаны ажырату сатысынан кейін 0,1-
2%, өнімдерді бөліп алу сатысынан кейін 1-10%, тазалау сатысынан кейін 50-80%,
концентрациялаудан кейін 90-100% болады.
Концентрациялау сатысында
буландыру, кептіру, тұндыру, фильтрлеу арқылы
кристаллизациялау, ультрафильтрлеу, нанофильтрлеу
сияқты процесстер қолданылады.
Дайын өнімді алу.
Соңғы сатыда өнім
гранулирлеу
(домалақтау) (ұнтақтан немесе
ерітіндінің өзінен гранулалар жасау),
дражирлеу
(дəрі пішініне келтіру), құю, қаптау, яғни
ампулуларға салу
нəтижесінде тауарлық пішінге келеді.
Негізгі əдебиеттер
: 1[5-9, 27],6,7,8
Қосымша əдебиеттер
: 21 [15-20]
Бақылау сұрақтар
1.Типтік биотехнология өндірісінің негізгі сатыларын атаңыз.
2.Əртүрлі биотехнология өндірісінде қандай дайындық сатылары кездеседі?
3.Өндірістің негізгі биотехнология сатылары өтетін процесстердің варианттарын
атаңыз.
4.Биоөнімді қоспалардан тазартудағы процестерді атаңыз.
5.Биоөнімді концентрлеуде қандай процестер қолданылады?
6.Сұйықтық пен биомассаны ажыратудағы процестерді атаңыз.