Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін

VIII ТАРАУ 

 

Өзіңіздің әрекетіңізді мұқият жоспарлаңыз 

 

     Келесі кезең — жоспар жасау. Жоспар — бұл реттелген тізім, қадамыңды 



есептеу.  Сіздің  бірінші  қадамыңыз  қандай  болуы  керек?  Екінші  қадамда  не 

істейсіз?  Үшіншіге  ше?  Жоспарды  мұқият  іске  асыра  отырып,  ең  соңында, 

егер сіз онымен бақылау жұмысы сияқты жұмыс жасап отырсаңыз, сіз өзіңіз 

жасаймын деп ойламаған нәтижелерге қол жеткізесіз. Өзім де жоспарларым 

арқылы  миллиондаған  жоспарларды  нөлден  бастап,  тез  арада  іске  асыра 

алғаныма шексіз таңқалған кездерім болды. Кейде мен жарты жылдың ішінде 

адам  айтқысыз  нәтижелерге  қол  жеткіздім.  Егер  сізде  арнайы  жоспар 

болмаса,  онда  жағдайыңыз  —  бір  жерден  екінші  жерге  ауысып,  анадан 

азғантай, мынадан азғантай бірдеме істейсіз, сосын бастапқыға қайтып келіп, 

тағы бірдеме істеп көресіз. Осылайша, шексіз жалғаса 

береді. 

 

     Өзіңіздің тізіміңізді қадамға айналдырыңыз. Сіздің мақсатыңыз бар, сіздің 



нені  қалайтыныңыз  жөнінде  нақты  ойыңыз  айқын.  Одан  бөлек,  сол 

мақсаттарға жеткізетін жоспарыңыз болуы шарт. Егер сіз мұны қолға алатын 

болсаңыз,  онда  табысқа  жетуіңізге  1000%  мүмкіндікті  арттырасыз,  сіз 

өзіңізді  10  есе  көтересіз.  Адамдар:  «Мұның  бәрі  бос  сөз.  Шындығында, 

мақсатқа жетуде шешуші нәрсе — себептің болуы, басқа ештеңе де емес» деп 

жатады. 


 


     Ал,  мен:  «Мақсатыңды  жазып,  тәртіптелген  жоспар  жасап,  өзіңіздің 

мақсаттарыңызға  жету  мүмкіндігіңізді  10  есе  көбейтуге  болады»  деп 

айтамын. 

 

     Бір-екі  жыл  бұрын  адамдар  жаңа  жылдың  қарсаңында  өздерінің 



болашағына  қатысты  қандай  міндеттемелер  қоятыны  жөнінде  зерттеу 

жұмысын  оқыдым.  Социологтар  адамдардан:  «жаңа  жылдық  шешімдер 

қабылдайсыз ба, жоқ па?» деп сұраған. Барлығы дерлік «Қабылдаймыз» деп 

жауап берген. Екінші сұрақ былай болған: «Осы қабылдаған шешімдеріңізді 

жазасыздар ма?». Жауап бергендерді екі топқа бөледі: бірінші топ — шешім 

қабылдап, сосын оны жазғандар, екінші топ — шешім қабылдап, бірақ, оны 

жазбағандар.  Кейін  жылдың  соңында  осы  мәлімет  берушілерден  қайтадан 

сұрақ  алған.  Мынау  соның  нәтиже  көрсеткіштері.  Шешім  қабылдап,  бірақ, 

оны  жазбаған  адамдардың  арасында  4%-ы  ғана  «Бұл  жыл  табысты  болды» 

деп  айтқан.  Ал,  шешім  қабылдап,  оны  бір  қағазға  болса  да  жазғандардың 

46%-ы өздерінің қабылдаған шешімдерін орындауды аяғына дейін жеткізген. 

46% бен 4%-дың айырмашылығы 11 есе артық. Сіздің жетістігіңіздің деңгейі 

11  есе  артады.  Жалғыз-ақ  айырмашылығы,  екінші  топтың  «Мен  салмақ 

тастауға  бекіндім,  ақша  жинаймын,  көбірек  шынығамын,  отбасыма  көбірек 

уақыт  бөлемін»  деп  жазуға  екі-үш  минутын  бөлгені  ғана.  Олар  мұны  жәй 

ғана  жаза  салды,  есесіне  жылдың  аяғында  өздерінің  жазған  мақсаттарының 

көпшілігін соңына дейін жеткізе алғандарына таң қалды. 

 

     Егжей-тегжейлі  жоспар  құрып  жатып,  сіз  түсінікті  түрде  анықтаңыз, 



бірінші  кезекте  не  істейсіз,  екінші  кезекте  не  істейсіз,  үшінші,  төртінші 

кезекте,  осылайша  аяғына  дейін  жазып  шығасыз.  Содан  кейін  сіз  әр  қадам 

сайын жүріп отырып, бүкіл өміріңізді жоспарлауды бастайсыз. Сіз алдын ала 

бір жылыңызды жоспарлайсыз, алдын ала әр айыңызды, әр аптаңызды, сосын 

әр күніңізді жоспарлайсыз. 

 

     Алты  сөзден  тұратын  ереже  бар:  «Алдын  ала  дұрыс  жоспарлау  жаман 



өндірістің  алдын  алады».  Біз  осы  ережені  қолданған  адамдардың  жоспар 

жасамайтын  адамдардан  бірнеше  есе  артық  өндіретінін  байқадық.  Сіздің 

алдағы жылға арналған нақты жазылған  жоспарыңыз бар. Сосын сіз оны 12 

бөлікке бөліп, әр ай барысында, мысалы, мына салаларда: кәсіп, қаражат, іс-

әрекет белсенділігі,  отбасы, саяхат, т.б. не істейтініңізді шешесіз. Сосын сіз 

жоспарыңызды  апталарға  бөлесіз.  Келесі  аптаның  жоспарын  осы  аптада 

құрасыз,  әдетте,  сенбі  не  жексенбі  күндері.  Сол  сияқты  сіз  әр  күн  бұрын 

жоспар  құрасыз.  Ертеңгі  күннің  жоспарын  бір  күн  бұрын  түнде  жасаған 




дұрысырақ болады. Сонымен, сіз әр күннің, әр аптаның, әр айдың жоспарын 

алдын ала жасайсыз. 

 

     Алдын  ала  жоспар  жасағанның  есесі  немен  қайтады?  Жоспар  жасауға 



кеткен  әрбір  минут,  міндеттемелерді  орындау  кезінде  10  минут  уақыт 

үндемейді  деген  ереже  бар.  Демек,  пайдасын  шығару  деңгейі  10:1.  Тиімді 

уақытта жоспар жасау сіздің өндірістік қуатыңызды 10 есе арттырады. 

 

     Питер  Дракер  «Кез  келген  құлдыраудың  негізінде  нашар  жоспарлау 



жатыр» деп, нақты айтқан болатын. Ақылмен ойламай, жоспар құрмай әрекет 

ету — кез келген жолы болмаудың негізгі 

себебі. Бұл, алдын ала жоспарлап әрекет ету — табысқа жетудің кепілі деген 

сөз. 


 

     Адамдар: «Менің жоспар құруға уақытым жоқ. Менің бір әрекетті жасауға 

дайындалып  жататын  уақытым  жоқ,  бірақ,  оны  атқаруға  уақытым  бар»  деп 

жатады. 


 

     Таңқаларлық  жайт.  Қаншама  ададмдардың  өмірі  босқа  өтуде,  егер 

олардың  әр  күнге,  әр  аптаға,  әр  айға,  әр  жылға,  бүкіл  өміріне  арналған  өте 

нақты жазылған жоспарлары болып, олар соны орындап болса, ойға келмеген 

нәрселерді  істеуге  болады.  Ал,  олар  болса,  өмір  бойы  бір  жерді  айналып 

жүреді де қояды. 

 

     Көз  алдарыңызға  елестетіп  көріңіздерші,  мен  сізге  100  000$  сыйлық 



ұсынайын.  Сіздің  қолыңыздан  келетіні  бар  болғаны  —  өз  қалаңыздан 

қызғылт  үйді  тауып,  есігін  қағып  кіріп,  қонақ  бөлмедегі  диванның  астынан 

ішінде  100  000$  бар  конвертті алу  ғана.  Конвертті  алардан  бұрын,  ол  үйдің 

мекен-жайын  сұрайсыз.  Мен  болсам:  «Жоқ,  жоқ,  мекен-жайын  айтпаймын. 

Осы  үлкен  қаланы  айналып  аралап  жүре  берсең,  ол  үй  алдыңнан  шығады» 

деймін. Сіздің толып жатқан сұрақтарыңыз болады, әрине. Ол үй өте алыста 

ма?  Оған  алып  баратын  карта  немесе  жол  көрсетуші  бар  ма?  Ол  үйдің 

сыртында не бар, ішінде не бар? Бұл үлкен қалада мыңдаған қызғылт үйлер 

бар...  Мен:  «Қам  жеме,  жәй  ғана  бар  да,  оны  тауып  алуға  тырыс»  деп 

айтамын.  Өзіңізге  керек  болған  үйді  тауып  алуға  сіздің  қанша  уақытыңыз 

кетеді? Жауап: «Бүкіл өмірің!». 

 

     Көпшілік адамдардың мақсатқа жетуіне қанша уақыты кетеді? Бүкіл өмірі, 



тіпті, олар көбінесе оған жетпейді де. Себебі, бағыты анық емес және мекен-


жайы  жоқ.  Егер  сіздің  нақты  жазылған  мақсат пен  міндеттемелеріңіз болса, 

онда  сіздің  желкендеріңіз  дұрыс  қойылған  және  сіз  қатаң  берілген  бағытта 

жүзетін  боласыз.  Ескі  бір  мәтел  бар,  «Егер  сіздің  мақсатыңыз  болмаса,  сіз 

ескегі жоқ кеме сияқтысыз, еш уақытта жағаға жете алмайсыз». 

 

     Шебер де сауатты жоспарлау сіздің күшіңізді барынша дұрыс жинақтауға 



мүмкіндік береді. Егер сіз жұмысты басынан аяғына дейін үзіліссіз жасайтын 

болсаңыз,  онда  үзіліспен  жасаған  жұмысқа  кеткен  уақытқа  қарағанда  80% 

үнемдейсіз. 

 

     Егер  сіз  арасында  үзіліс  жасасаңыз,  онда  жұмысқа  қайтып  келуге,  қай 



жерге  келгеніңізді  білу  үшін  ойыңызды  жинақтауға,  көп  мөлшерде  уақыт 

жоғалтсаңыз,  мұның  бәрі  сіз  ойлағаннан  да  көбірек  уақыт  алады.  Сіз  бір 

нәрсені  істеуді  тоқтатып,  кейін  қайтып  жалғастыратын  болсаңыз,  бұл  үшін 

ойыңызды  жаңғыртып,  қай  жерге  келіп  тоқтағаныңызды  еске  түсіруіңізге 

тура  келеді,  жұмысқа  қайта  бейімделуіңіз  қажет.  Тоқтау,  үзіліс  жасау, 

тапсырманы  орындауға  қайтып  келу  —  тоқтамай  жұмыс  істегеннен  гөрі 

уақытты 5 есе көп алады. 

 

     Менің  жылына  4  кітап  жазып,  оны  баспалардан  шығаратыным  белгілі. 



Мен  бір  кітапты  төрт  жылда  да  жаза  алмайтын  адамдарды  білемін.  Сол 

адамдар «Осынша кітапты қалай жазасың?» деп сұрап жатады. Мен: «Бұл өте 

қарапайым,  барлық  мәселе  жоспар  жасауда»  деп  жауап  беремін.  Ең 

маңыздысы мынау: кітапты жазуды бастағанда бірінші үлгіні аяқтамайынша 

үзіліс жасамаймын. 

 

     Мен  көп  кітап  жазатын  көптеген  табысты  жазушылардың  дәл  солай 



жасайтынын  байқадым.  Олар  жақын  арадағы  үш-бес  күнге  барынша  нақты 

күн тәртібін жасайды. Осыдан кейін олар кітаптың негізі жазылып болғанға 

дейін тоқтамастан жаза береді. 

 

     Адамдар  менен  мақсаттарымды  «артықшылығына»,  «кезегіне»  қарай 



жоспар  жасауға  уақыт  кетіретіндігімді  ескеріп,  кітаптарымды  қалай  тез 

жазып  тастайтындығымды жиі  сұрайды.  Сол  себептен  де  мен  ғаламтордағы 

сайтыма өзімнің жоспар жазу тәсілімді шығарып қойдым. Қазір ол сол жерде 

басқа да ақпарат материалдарымен қатар бәрінің қол жететін жерде тұр. 

 

     Егер  сіз  кітап  жазғыңыз  келсе,  сайтқа  кіріп,  кітапты  қалай  жазу 



жайындағы  түсіндірмені  көшіріп  алыңыз,  бірінші  қадам  жасаңыз  және 


кітапты  жазып  бітіргенге  дейін  жоспар  бойынша  ілесіп  отырыңыз.  Мен 

бірнеше  жылдан  кейін  «Нью-Йорк  Таймстың»  кітаптарға  шолуының  ең 

өтімді кітаптар тізімінен сіздің есіміңізді көретініме сенімдімін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет