1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: п.ғ. к., доцент Байбақтина Ақсәуле Тоқтарқызы



Pdf көрінісі
бет15/63
Дата26.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#105789
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
СИЛЛАБУС 2МИПКО ИОӘ 2020-21 II Байб утв

№ 

Оқулықтың 

атауы 

Класы, 

бағыты   

Авторлары  

Баспасы, 

жылы  

Ақпараттық-



коммуникациялық 

технологиялар 

Г. А. Көпеева, Ү. М. Ділманова 



Арман-

ПВ, 2018 

Ақпараттық-



коммуникациялық 

технологиялар 

Ж.  У.  Кобдикова,  Г.  А.  Көпеева,  А.  А. 



Қаптағаева, А. Ғ. Юсупова 

Арман-


ПВ, 2019 

Информатика  



Р. А. Қадырқұлов, Г. К. Нұрмұханбетова 

Алматы 

кітап, 


2020 

Информатика 



Р. А. Қадырқұлов, Г. К. Нұрмұханбетова 

Алматы 

кітап, 


2020 

Информатика  



С. Т. Мұхамбетжанова, А. С. Тен, Д. Н. 

Исабаева, В. В. Сербин 

 

Атамұра, 



2017  

Информатика 



Г. И. Салғараева, А. А. Бекжанова, Ж. Б. 

Базаева 

Алматы 


кітап, 

2018 


Информатика 

Г. И. Салғараева, К. А. Калымова, Ж. А. 



Орынтаева 

Арман-


ПВ, 2019 

Информатика 



10, 

жараты


лыстану

математ



икалық   

Г. И. Салғараева, Н. С. Маханова, Ж. Б. 

Базаева 

Арман-


ПВ, 2019 

Информатика 



10, 

қоғамд


Г. И. Салғараева, Н. С. Маханова, Ж. Б. 

Базаева 


Арман-

ПВ, 2019 




ық- 

гуманит


арлық 

Информатика  



11, 

жараты


лыстану

математ



икалық  

В. Г. Архипова, Р. Г. Амдамова, Н. К. 

Беристемова, К. Б. Кадыракунов 

Алматы 


кітап, 

2020 


10 

Информатика 

11, 

қоғамд


ық- 

гуманит


арлық 

В. Г. Архипова, Р. Г. Амдамова, Н. К. 

Беристемова, К. Б. Кадыракунов 

Алматы 


кітап, 

2020 


 

Дәріс №4. 

Тақырыбы:

 

Информатика бойынша мектепте білім берудің құрылымы мен мазмұны  



Сағат саны:  1 

Жоспары: 

1.

 



Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтика негіздері.  

2.

 



Мектеп информатикасының базалық курсы. 

3.

 



Жаратылыстану-математикалық 

және 


гуманитарлық 

бағыттарға 

арналған 

информатиканың кәсіби курстары.  

 

Орта  мектепте  информатиканың  жеке  пән  ретінде  оқытылуы,  көптеген  



педагогикалық  ізденістер  мен  ғылыми-әдістемелік  еңбектердің туындауының  жандана  

түсуіне  мүмкіндік  береді.  Информатиканың  бүгінгі  қоғамдағы  алатын  орнын, 

ерекшеліктерін    ғылыми-әдістемелік    тұрғыда  негіздеуге    арналған    көптеген    ғылыми  

зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде. 

Атап  айтқанда,  ғылыми  зерттеулердің  ішінен  С.Пейперт,  Ж.Пиаже,  Ю.Первин,  

Е.Коган,  О.А.Красноперова,  А.Витухновская  мен  А.Семенованың  және  отандық  

ғалымдарымыздан  Е.Бидайбеков  пен  Ж.Қараевтың  тұжырымдарымен  Қ.Әбдиев,  

Ж.Сардарова  және  Г.Абдукаримованың  зерттеу  жұмыстары  бастауыш  мектептерде  

информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.  

Алайда,  бұл  зерттелген  жұмыстарда  бастауыш  мектепте  информатика  

элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге  асыру  жөніндегі мәселелер  

жеткілікті  дәрежеде  зертелген  жоқ. 

Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы  түсініктері  

мен  ұғымдарын  беру,  сонымен  қатар  басқа  пәндерді  оқып  үйренуде  пәнаралық  

байланысты   жүзеге  асыру  арқылы  қажет  болатын  біліммен,  іскерлікпен,  дағдымен   

қаруландыру және жастарды ақпараттық  қоғамда қызмет етуге дайындауды осы  кезеңнен 

бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.  

Мұндай    келелі    мәселелерді    шешу,    бастауыш    мектепте    информатика  

элементтерін    оқыту    негізінде    пәнаралық    байланысты    жүзеге    асыруды      теориялық,  

психологиялық  және  педагогикалық  жағынан  негіздеуді  қажет   етеді.   Бірақ, бүгінгі  

таңда  информатика  элементтерін  пәнаралық   баланыс   негізінде  бастауыш  мектепте  

оқытудың    қажеттілігі    мен    оны    оқу    үрдісінде    жүргізуге    тиімді      оқу-әдістемелік  

құралдардын,  оқыту  бағдарламаларының  жеткілікті   дәрежеде  болмауының  арасында  

қарама-қайшылық  бар.  Осы  қарама-қайшылықтан,  бастауыш  мектепте  информатика  

элементтерін      пәнаралық    байланыс    негізінде    оқытуды    енгізу    арқылы    оқушыларда  

алғашқы    білім,  іскерлік,    дағдыларды    қалай    қалыптастыруға    және    оның    қандай  




теориялық,  психологиялық-педагогикалық   алғы  шарттарын  анықтауға  болады?  - деген  

зерттеу  мәселесі  туындайды.  

Бастауыш  мектепте  информатика  элементтерін  оқыту  әдістеріне  келер  болсақ,  

төмендегі  мәселелер  туындайды:  

- әрбір  пәндер  бойынша  жүргізілетін  оқу  материалын  оқушылардың   санасына  

қалай  жеткізу  керек?  

-  балалар    білімді,  іскерлік  пен  дағдыларды    игеруі    үшін,    олардың    белсенді  

танымдылық  қызметін  қалай  ояту  керек?  

-  оқушылардың    оқуға    қызығушылығын      тудырып,    олардың    білімді    болуына  

қалай  көмектесу  керек?  

Бастауыш  мектепте    информатика  элементтерін    пәнаралық    байланыс  негізінде  

оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика  элементтерін  оқып үйрену бойынша 

алған   алғашқы  білімдерін,  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  және  олардың  

сауат  ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі,  математика мен бейнелеу  өнері пәндерінен алған 

білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер  туғызды. 

Информатика  пәнiн  бастауыш  сыныптан  бастап  оқытудың  ғылыми-теориялық 

негiзi  елімізде  зерттелiп  жатыр.  Бастауыш  бiлiм  жүйесiнде  информатика  элементтерiн 

пәнаралық  байланыс  негiзiнде  оқыту  бағдарламасының  жобасы жасалып, оны оқытудың 

әдiстемесi  берiлсе,  онда  бастауыш  сынып  оқушыларының  бiлiмi,  iскерлiгi,  дағдысы  мен 

логикалық ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу үрдісiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға 

бағытталған.  

Ақпараттық  технологияның  жеделдетiп  дамуына  байланысты  информатиканың 

мазмұны  үзiлiссiз  өзгерiп  отырады.  Сондықтан  информатиканың  курсын  оқыту  үрдісiн 

төменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан 

негiзделген  болатын.  Олай  болса,  болашақта  бiлiм  стандарттарының  мазмұнына 

информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет. 

Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың 

мақсаттары



 

оқушыларға  ақпараттарды  беру,  өңдеу,  сақтау,  жеткiзу  және  оны  қолдану 

үрдістерi  туралы  бiлiмдердi  меңгерту,  басқаша  айтқанда,  оқушыны  ақпараттық  бiлiммен 

қаруландыру; 

 

оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске 



асыру  құралы  ретiнде,  сонымен  қатар,  кәсiптiк  қызметтерге  пайдалану  дағдыларын 

қалыптастыру; 

 

оқушының  логикалық-құрылымдық  және  алгоритмдiк-шығармашылық  ойлау 



қабiлеттерiн 

дамыту, 


ынта-ықыластары 

мен 


шығармашылық 

бейiмдiлiктерiн 

қалыптастыру. 

Аталған мақсаттардан төмендегi 



мiндеттер

 анықталынады:  

 

информатиканы бастауыш  сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау; 



 

информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;  



 

информатиканы  бастауыш    сыныптарда  оқытудың  әдiстемелiк  жүйесiн 



жасақтау. 

“Информатика”  пәнi  бойынша  дайындалған  стандарт  бiлiм  берудiң  сәйкес 

сатысының  базистiк  оқу  жоспарымен,  бiлiм  беру  ұйымдарының  типтiк  оқу  жоспарымен, 

оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.  



“Информатика”  оқу  пәнiнiң  базалық  мазмұны  (БМ)

  –  оқу  пәнiнiң  мектепте 

мiндеттi  түрде  оқытылуы  тиiс  және  үздiксiз  бiлiм  берудiң  келесi  сатылары  мен 

деңгейлерiнде  информатиканы  оқуды  жалғастыру  үшiн  жеткiлiктi  болатын  мазмұнының 

құрамы мен құрылымы. 

“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – 

оқу 


пәнiнiң  мазмұнын,  яғни  оқушыларда  ғылыми  дүниетанымдық  негiздi  қалыптастыруды, 

олардың  ойлау  қабiлетiн  дамытуды,  ақпараттандыру  құралдарын,  ақпараттық 

технологияларды  меңгертудi  және  оқушыларды  өмiрге,  еңбекке  және  бiлiмдерiн 



жалғастыруға  даярлауды  анықтайтын  құжат.  Оның  мазмұны  мемлекеттiк  стандарт 

бойынша анықталады. 



“Информатика”  оқу  пәнi  бойынша  бағдарлы  бiлiм  беру  бағдарламасы  (БББ)  – 

“Информатика”  оқу  пәнiнiң  мазмұнын  анықтайтын, пәндi  тереңдетiп,  бағдарлы оқытуды 

қамтамасыз  ететiн,  оқушыларды  кәсiби  даярлау  бағытына  қарай  көлемi  мен  мазмұны 

бойынша сараланған құжат.   Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады. 



“Информатика”  оқу  пәнi  бойынша  қосымша    бiлiм  беру  бағдарламасы  (ҚББ)  – 

мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге 

деген  қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруға  бағытталған  оқу  курстарының  мазмұнын 

анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру 

арқылы жүзеге асырылады. 

 Жалпы ережелер: 

 Информатика пәнiн оқытудың негiзгi  



мақсаттары мен мiндеттерi

 төмендегiдей: 

 

оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру; 



 

оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту; 



 

оқушыларға  ақпараттандыру  құралдары  мен  ақпараттық  технологияларды 



меңгерту; 

 



оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау; 

 



информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпа-

рат)  бiрi  болып  есептелiнетiн,  қазiргi  таңдағы  әлем  бейнесiн  құрудың  негiзiн  құрайтын 

ақпарат ұғымын қалыптастыру; 

 



қоршаған ортаны  жаңа  ақпараттық  тұрғыдан  зерттеу  көзқарасын  қалыптастыра-

тын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру; 

 

қоғам  дамуында  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  ролiн  анықтау,  қоғамның 



ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту; 

 



оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту; 

 



тиiмдi  шешiмдер  таңдай  бiлуге  бағытталған,  оперативтi  ойлау  деп  аталатын 

жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру; 

 

ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк 



және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту; 

 



оқушыларды  ақпараттық  бiрлiктермен  қамтамасыз  ететiн  бiлiмдермен  қарулан-

дыру; 


 

оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру. 



“Информатика” пәнiн 

зерттеу объектiлерi



 

ақпарат; 

 

ақпараттық ресурстар; 



 

ақпараттық үрдiстер; 



 

ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар. 



“Информатика” пәнiнiң 

даму болашағы

 мына көрiнiстерге байланысты: 

1.

 

пәннiң  жалпы  бiлiмдiк,  дүниетанымдық  көзқарасын  қалыптастыру,  атап 



айтқанда: 

 



оқушыларға  формальдау,  модельдеу  және  компьютерлiк  тәжiрибе  әдiстерiн 

меңгерту; 

 

тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту. 



2.

 

информатиканың  ғылыми  пән  ретiнде  қалыптасуы,  атап  айтқанда,  әлеуметтiк, 



экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б. 

“Информатика” пәнiнiң 



даму бағыттары



 

Теориялық информатика

. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғат-

тағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпа-

раттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу 

мәселелерi қарастырылады. 



 

Ақпараттандыру 



құралдары

Мұнда 



дербес 

компьютерлердiң, 

микропроцесорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы 

ақпараттарды  алмасу  қызметтерi  туралы  мәселелер  қарастырылады.  Әр  түрлi  ақпарат-

тарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпарат-

тық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.  

 

Әлеуметтiк информатика.



  Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялар-

дың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен және программалық өнiмдермен жұмыс 

жасаудың  құқықтық,  этикалық  және  моральдық  нормалары,  жеке  тұлға  мен  қоғамның 

ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.  



“Информатика”  оқу  пәнi  бойынша  оқушылардың  мiндеттi  дайындық  деңгейiне 

қойылатын  талаптар

  мектептiң  әр  түрлi  сатысында  берiлетiн  оқу  мазмұнына  сәйкес 

берiлген.  Сатылар  негiзгi,  жоғарғы  (қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-мате-

матикалық)  деп  қарастырылған.  Аталған  сатыларға  сәйкес  берiлген  мазмұндық  желiлер 

бойынша оқушының мiндетi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.    

“Информатика”  оқу  пәнi  бойынша  оқу  үрдісiн  ұйымдастыру

  және  оны  жүзеге 

асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісiн 

мамандармен  қамтамасыз  ету;  оқыту  үрдісiн  оқу-әдiстемелiк  жағынан  қамтамасыз  ету; 

материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.  

Бекіту сұрақтары: 

1.

 

Мектептегі  информатика пәнінің мазмұны мен құрылымы қандай? 



2.Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсы дегеніміз не?  

3.Мектеп информатикасының базалық курсының құрылымы?  

4.Жаратылыстану-математикалық  және  гуманитарлық  бағыттарға  арналған 

информатиканың кәсіби курстарын атаңыз? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет