Конспект жазуға қойылатын талаптар:
-
студенттің өзіндік жұмыс дәптеріне жазылады;
-
тақырыбы келтіріледі;
-
әдебиеттерге сілтеме беріледі (қажет болған жағдайда);
-
қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Презентацияны орындауға қойылатын талаптар:
-
Презентация электронды және баспа түрінде болады (түрлі-түсті, файл папкіде).
-
Презентация көлемі 10-15 слайдтан тұруы қажет.
-
Презентацияның құрылымы:
мұқабасы (оқу орнының аты, факультеті, презентация тақырыбы, автор: ФАӘ,
мамандығы, тобы, қала, жыл);
кіріспе (зерттелетін мәселенің түйіні, мәселенің маңыздылығы, мақсаты мен
міндеттері жазылады);
негізгі бөлімі (бұл бөлімнің әрбір бөлігі жеке мәселелерді ашады немесе бір-
бірін жалғастырып отырады, бұл бөлімде кесте, сызба, график, суреттер болуы
мүмкін);
қорытынды (презентация бойынша қысқаша қорытынды беріледі, ұсыныстар
беріледі);
әдебиеттер тізімі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |