Конспект, презентация
Әдістемелік нұсқау.
Конспект
– қандай да бір жазба немесе аудио болмаса бейнелік ақпараттардың
мазмұнды жинақтап берілуі. Конспект жазу оқыған - білген ақпаратты есте сақтауға және
оған деген критикалық қарым-қатынасыңды оятады. Сонымен қатар түсінік айтуға және
қорытынды бақылау кезінде (тест тапсыруда) өз көмегін береді.
Презентация
(ағылшынша presentation, латынша praesentatio; сөзбе-сөз ұсыну) - бір
туындыны, ұйым мен мекемені т.б. салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну;
ресми таныстыру.
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация -
бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе
курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу,
қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды,
адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну - осының бәрі презентация болып
табылады.
Кез-келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның
атқаратын рөлі зор. Презентация өткізуде көрнекті құралдар (графиктер, диаграммалар,
фотоматериалдар, мультимедиялық файлдар) кеңінен қолданылады. Презентация
тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықты қызығушылық
тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты
кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |