Алгоритм трассировкасы



Pdf көрінісі
Дата30.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#106719
түріПрограмма
Байланысты:
Алгоритм трассировкасы



Автор: Әли Гүлжанат Қалдыбайқызы

Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика

Сынып: 8-сынып

Бөлім: Программаларды құрудың кіріктірілген орталары

Тақырып: Алгоритм трассировкасы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме)


8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:  Трассировка ұғымының анықтамасын біледі

Басым оқушылар:  Трассировка кестесін құрып, жүзеге асыра алады

Кейбір оқушылар:  Программалау ортасында трассировканың жүзеге асуын талдай алады  

Бағалау критерийі

 Трассировка ұғымын түсінеді

 Трассировка кестесін құрып, трассировканы жүзеге асыру жолдарын көрсете алады

 Программалау ортасында трассировканың жүзеге асуына талдау жасайды  

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты термин сөздерді оқу, жазу

Трассировка- Трассировка- Tracing

Соңғы шарт – Последнее условие - The last condition

Айналып өту – Шаг в обход – Step over

Бастапқы қадам – Шаг со входом – Trace into

Трассировка кестесі – Таблица трассировки -Trace table

Диалогтер үшін қолданылатын тіркестер:

1. Трассировка дегеніміз не?

2. Алгоритм трассировкасы не үшін қолданылады?

3. Трассировка кестесі нені моделдейді?  

Құндылықтарға баулу

Топпен және жеке жұмыс істей білу, қарым қатынас дағдысын қалыптастыру, ою-өрнек бейнесі

арқылы, саралау тапсырмалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Математика (есептер шығару), ағылшын тілі, орыс тілі (терминдер көмегімен тілдік орта

қалыптасыру) 

Алдыңғы білім

Алгоритм құру, алгоритм ұсыну тәсілдерін біледі, программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында

алгоритмді жаза алады, таңдау, қайталау операторларын қолдана алады

Сабақ барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

(10 мин)


«Hello» тренингі.

Мақсаты: психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Нұсқау: оқушылар

оң жағындағы, сол жағындағы көршілерімен күлімдеп амандасады. «Find

error» әдісі Мақсаты: оқушылар назарын пәнге шоғырландыру, өткен

тақырыпты еске түсіру, жылдам ойлау және тілдік дағдысынқалыптастыру.

Нұсқау: Тақтадан қате мәтін көрсетіліп, оқылады. Оқушылар тыңдап,

қатесін дұрыстап, айтады. Software is the order of actions. The algorithm has

two types. Linear, unlinear. Linear algorithms are a cycle with a postcondition, a

loop with a precondition, a cycle with a parameter. Operators for, do .. while,

while. Algorithm is the order of actions. The algorithm has three types. Linear,

branched, cyclic. Cyclic algorithms are a cycle with a postcondition, a loop with a

precondition, a cycle with a parameter. Operators for, do .. while, while.

Топқа бөлу

Мақсаты: топпен жұмыс істей білу, қарым қатынас дағдысын

қалыптастыру, ою-өрнек бейнесі арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Нұсқау: Суретті таңдап алады, ою-өрнек бейнесімен алгоритмнің блок

сызбаларының арасындағы ұқсастықтарды сипаттайды. Әр топтан бір

оқушы ою-өрнегіне қарап, тақтаға алгоритм типтеріне қарай блок сызба

үлгісін сызады.  

https://bilimland.kz/en/courses/c

omputer-science/8th-grade

Сабақтың ортасы

(25 мин)

Топтық жұмыс

Мақсаты: Жаңа білімді алдыңғы біліммен байланыстыра отырып,

трассировка кестесін құрып, трассировканы жүзеге асыру. Мәселені шешу

дағдысын қалыптастыру.

Нұсқау: «Helper table» көмегімен топ болып бірлесіп, төмендегі

тапсырмаларды орындайды және басқа топтарға түсіндіреді.

«Қаз мойын өрнегі» тобына

1. Домбыраның басы (құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5 м.

Домбыраның ұзындығы неше метр?

«Қошқар мүйіз өрнегі» тобына

2. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы,

жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын алгоритм құру.

«Жұлдыз гүл өрнегі» тобына

3. Қала халқының саны – 387000 егер жыл сайын 3% артатын болса, 3

жылдық болжамдық көрсеткіш қанша болады?  

Сабақтың соңы

(5 мин)


Қалыптастырушы бағалау парағы

Мақсаты: оқушыларды өзін-өзі дескриптор бойынша бағалауға

дағдыландыру

Нұсқау: Оқушылар дескрипторды оқып, өзінің тапсырма орындау деңгейіне



баға қойып, белгі қояды.  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет