Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық ізденістік
Рефлексиялық түзетушілік
|
-Балалар оң қолымызды жүрегімізге қойып ән ұран айтайық.
-Шаттық шеңбер:
-Балалар сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден не көресіңдер?
-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
-Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз?
-Төменге қарағанда не көреміз?
-Ендеше біз аспанға,күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік:
Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетіміз тіл дамыту.
-Тақырыбымыз «Біздің елбасымыз!»
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан туралы кім тақпақ біледі?
-Жарайсың!
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Қай тілде сөйлейміз?
-Жарайсың!
-Біздің қазақ екенімізді білдіретін рәміздерімізді білесіңдер ме?
-Қане кім айтады?
-Өте жаксы?
-Рәміздеріміздің бірі Ту туралы кім маған айтып береді?
-Ту туралы кім тақпақ біледі?
-Келесі рәмізіміз Елтаңбаны кім сипаттайды?
-Жарайсың!
-Ал балалар Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?
-Балалар келесі рәмізіміз Ән ұран туралы кім айтады?
-Өте жақсы!
-Осы Ән ұранға арналған тақпақ білесіңдер ме,кім айтады?
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар біздің елбасымыз кім?
-Қане,елбасы туралы кім тақпақ біледі?
-Ия балалар біздің бүгінгі сабағымыз Нұрсұлтан атамызға арналмақ.
-Себебі бірінші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз сайланған. Сондықтан бұл күн мереке ретінде тойланбақ.
-Елбасымыз туралы білу үшін интерактивті тақтаға назар аударайық.
-Міне балалар Нұрсұлтан атамыз осылый елбасы болып сайланған.
-Балалар орындарымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
-Сергіту сәті:(2рет)
-Балалар біздің еліміздің астанасы қай қала?
-Ал,Астанада не бар?
-Дұрыс айтасыңдар!
-Балалар бәйтеректің биіктігі 97метр екен,ол өте биік.
-Ендеше балалар алдарыңызда ақ қағаз беті,желім,түрлі түсті қағаздар бар. Сол қағаздардан туды жапсырмалайық.
-Жарайсыңдар!
-Балалар оқу іс- әрекетінде нелер туралы білдік?
-Елбасымыз кім?
-Бас қаламыз қалай аталады?
-Тіліміз қандай?
-Бүгінгі сабағымызда не жапсырмаладық?
-Балаларды мадақтау.
-Бүгінгі оқу іс- әрекетінде сендер өте жақсы қатыстыңдар. Осымен мерекелік ашық сабағымыз аяқталды.Бізге келген қонақтарға сау болыңыздар айтайық.
|
-Ән ұран орындалады.
-Күнді көреміз
-Алақай,күн келді!
-Аспанды,күнді,бұлтты,көреміз.
-Төменнен жерді,шөптерді,жаңбыр жауса суды көреміз.
-Балалар шеңбер болып тұрып педагогпен бірге шаттық шеқберін жасайды.
-Қазақстан Республикасында
-Қазақ
-Қазақша
-Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақпақтарын айтады.
-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Әже елбасы туралы мағұлмат береді.
-Педагогпен бірге сергіту сәтін жасайды.
-Астана
-Бәйтерек,ақорда,
«Думан»кешені,ескерткіштер бар.
-Берілген тапсырмаларды орындайды.
-Берілген сұрақтарға жауап береді.
|