СабақТЫҢ мақсаты : Білімділік: "теледидар" тақырыбына әңгіме жүргізу. Теледидар туралы



Дата22.01.2017
өлшемі46,17 Kb.
түріСабақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ТЕЛЕДИДАР

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ :

Білімділік: “ТЕЛЕДИДАР” тақырыбына әңгіме жүргізу.Теледидар туралы

мәлімет беру, жаңа сөздермен танысу , мәтіннің мазмұнын

түсіну.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлесу тілдерін, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік : Теледидардың зияны мен пайдасы , денсаулықты қалай сақтау

керек екені туралы тәрбиелі әңгіме айту.



САБАҚТЫҢ ТҮРІ : аралас

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: Түсіндіру, ауызекі сөйлесу, талдау.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ : Интерактивті тақта, слайдтар, мәтін.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС : Физика, тарих, орыс тілі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ :

І .Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын

сабаққа аудару.



ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  1. Атаулы сөйлем дегеніміз не?

  2. Қазіргі жыл мезгіліне қатысты әңгіме құрастырыңдар.Әңгіме атаулы сөйлемнен басталатын болсын.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ: ТЕЛЕДИДАР

Бүгінгі біздің сабағымыз бұрынғы өткен сабақтарымыздың жалғасы.



АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

  1. Газет-журналдар

  2. Тілшілер

  3. Жарнама

  4. Теледидар

Кіріспе сөз

  • Қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні қазақ ресми түрде іске қосып, алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты.

  • 1970 жыл шілде айында Гурьев облысы бойынша Шевченко телеарна студиясы мен Шевченко телевизиялық орталығы құрылды. 15-тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы бағдарламасы көрерменге жол тартты. Қала мәселелері бойынша студияда облыстық теледидар директоры Мұхамед Мезгілбаев және қала комитетінің бірінші секретарі Петр Захаров сұхбаттасты.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Орыс тіліне аудару

3.Түсінгенін өз тілімен айту



СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС

  • ӨТКІЗЕМІЗ- ПРОВОДИМ

  • ӘСЕР ЕТЕДІ- ВЛИЯЕТ

  • АҢЫҚ ЖАҒДАЙ – ЯСНАЯ КАРТИНА

  • ӨЗГЕРТЕДІ - ИЗМЕНЯЕТ

  • АШУШАҢ - ВЗРЫВНОЙ

  • НАШАРЛАТАДЫ -УХУДШАЕТ

  • МІНЕЗ - ХАРАКТЕР

  • КІНӘЛІ - ВИНОВАТ

  • ӘДЕТТІ - ОБЫЧНО

  • ҚАУІПТІ - ОПАСНО

  • ҚАЖЕТТІ - НЕОБХОДИМЫЙ

97 бет № 7.4.1

СҰРАҚ – ЖАУАП

  1. Теледидарды көп қарайсың ба?

  2. Қандай бағдарламаларды қарайсың?

  3. Отбасында теледидар алдында ұзақ уақыт отырғаны үшін ескерту аласың ба?

  4. Теледидардың пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе?

  5. Балаларға арналған жеке бағдарлама болу кереп пе ? Ол қанша уақытқа созылу керек? Қалай ойлайсыңдар?

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдау жасаңдар.



  1. Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді .

  2. Ол адам психологиясына әсер етеді.

  3. Әріне, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады.

№ 7.4.2

МАҒЫНАЛЫ ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСАТЫН СӨЗДЕР ҚАТАРЫН ЖАЗЫҢДАР

Теледидар

Бағдарлама

Көгілдір экран

Бейнефильм

№ 7.4.3


ТӨМЕНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ АНТОНИМДЕРІН ЖАЗЫҢДАР

Ашушаң-


Зиян-

Сотқар-


Белсенді-

Жалқау-


Мәдениетті-

Ұзақ-


Тәрбиелі-

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР

Баяндауыштың тұлғасына қарап бастауышты табуға болатын сөйлем түрі ...........................деп аталады.

Мысалы :..................................................................................................................

Сөйлем құрамында айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшесінің бірі түсіп қалса, ......................................сөйлем деп аталады.

Мысалы :


Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелердің де қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі ...................................сөйлем деп аталады.

Мысалы:.....................................................................................................................

Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі........................................сөйлем деп аталады.

Мысалы:.....................................................................................................................



ІV.Сабақты бекіту:

Венн диаграммасын жаздыру. Газет пен теледидарды салыстыру.

Теледидардың пайдалы және зиян жақтарын айту.

V.Сабақты қорыту:

1.Оқушыларды бағалау



VІ.Үйге тапсырма беру : Жай сөйлемдерді қайталау.

« Теледидар» мәтінді оқу, мазмұндау.
Каталог: uploads -> doc -> 0dd4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd4 -> Сабақ Тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары»
0dd4 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу