Строительные нормы республики казахстан


 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет15/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
5.1 Негізгі ережелер 
 
5.1.1 Емдеу-профилактикалық  мекемелерді  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық 
сақтау  жүйесі  туралы»  кодекстің, 
«
Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс 
материалдары  мен  бұйымдардың  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 
регламентінің, 
«Денсаулық 
сақтау 
объектілеріне 
қойылатын 
санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына және жобалауға, салуға 
және  пайдалануға  қойылатын  талаптарды  белгілейтін  басқа  да  нормативтік-техникалық 
құжаттарға сәйкес жобалау керек.  
5.1.2 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалауды барлық: конструктивтік, өрт, 
санитарлық-эпидемиологиялық, электр қауіпсіздік және т. б. қауіпсіздік жүйелерін ескере 
отырып жүзеге асыру керек. 
Ғимараттардың қауіпсіздік жүйелері бөлімшелер ішіндегі және олардың арасындағы 
функционалдық өзара байланысты бұзбайтындай жобалануы тиіс. 
5.1.3 Емдеу-профилактикалық 
мекемелерінің 
ғимараттары 
жобалық 
құжаттамасының  құрамы  және  оны  әзірлеу  тәртібі  ҚР  ҚН  1.02-03  талаптарына  сәйкес 
келуі тиіс. 
5.1.4 Емдеу-профилактикалық  мекемелер  ғимараттарын  жобалаған  кезде  қоғамдық 
ғимараттар  мен  құрылыстарға  берілген  қолданыстағы  нормативтік-техникалық  құжаттар 
талаптары сақталуы тиіс. 
5.1.5 Емдеу-профилактикалық  мекемелерді  жобалау  үшін  инженерлік  іздестірулер 
жүргізген кезде ҚР ҚН 1.02-02 және іздестіруді жүргізу бойынша басқа да қолданыстағы 
нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын орындауды қамтамасыз ету керек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет