ҚР ҚН 3.02-13-2014* 12
5.4.2.12 Дәрігерлердің барлық кабинеттерінде және медбикелер мен көмекші
медбикелер бөлмелерінде салқын және ыстық су келетін қолжуғыштар орнатуды
қарастыру керек. Операция алдындағы, таңу, процедуралық кабинеттерді, реанимация
залдарын және палаталарды, босандыру залдарын, жаңа туылған нәрестелер
палаталарының жанындағы медбикелердің орындарын және ерекше режимді талап ететін
басқа үй-жайларды араластырғышы бар білек немесе жанаспайтын шүмекті қондырғысы
бар қолжуғыштармен жабдықтау керек.
5.4.2.13
Инфекциялық, туберкулез, тері-венерологиялық бөлімдерге бокс
шлюздеріне, жартылай бокстарға және қызметкерге арналған дәретханаларға білек немесе
жанаспайтын шүмекті қолжуғыштарды орнату, сонымен қатар барлық дәретханаларға
шаю бөшкелеріне арналған басқыш түсіргіштерімен жабдықтау керек.
5.4.2.14 Жаңа туған нәрестелерге арналған палаталарға үлкен раковина орнату керек.
5.4.2.15 Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар ұйым ғимаратының
шығаберісіне тікелей жақын орналасуы керек және шығаруға арналған қолайлы кірме
жолдар болуы тиіс.
5.4.2.16 Емдеу-профилактикалық мекемелері үй-жайларында табиғи және жасанды
жарықтандыру болуы тиіс, оның деңгейін ҚР ҚН 2.04-01 және қолданыстағы нормативтік
құжаттарға сәйкес технологиялық талаптарға (көру жұмысының сипаттамаларына
байланысты) сәйкес қабылдау керек.
5.4.2.17 Емдеу-профилактикалық мекемелер палаталарының терезелерін жарық
жақтары бойынша бағдарлауды қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын
талаптарға сәйкес қабылдау керек.
Басқа емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайлары мен дәріханалар терезелерін
жарық жағына байланысты бағдарлау керек.
5.4.2.18 Ауруханалар мен диспансерлердің палата бөлімдерінің дәліздерінде шетжақ
және бүйірлік табиғи жарықтандыруды қарастыру керек.
5.4.2.19 Психиатриялық ауруханаларда науқастар келетін үй-жайлардағы терезе
жақтаулары сынбайтын жарық мөлдір материалдармен толтырылуы тиіс.
5.4.2.20 Емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайларының инсоляция нормалары
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5.4.2.21 Үй-жайды табиғи жарықтандыру үшін жоспарлық шешімдермен тұйық
немесе жартылай тұйық жабылған (жабылмаған) жарық аулалар және атриумдар
қарастырылуы мүмкін.
Артық инсоляцияның алдын алу және пациенттер мен қызметкерлер үнемі келіп
тұратын үй-жайлардағы, әсіресе реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде ашық
жарықтан қорғау үшін күннен қорғауды (күнқағарлар, жалюздер және басқалар)
қарастыру керек.
5.4.2.22 Есірткі және психотропты препараттарды сақтауды қажет ететін барлық
емдеу-профилактикалық мекемелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жобаланған жол берілмеген енуден қорғану
құралдарымен жабдықталған арнайы бөлмелерді қарастыру керек.