ҚР ҚН 3.02-13-2014* 10
автомашиналар кіретін жер бар басқа да үй-жайлар терезелерінің астына орналастыруға
жол берілмейді.
5.4.1.14 Патологоанатомиялық корпус, оған өтетін жолдар және жерлеу
машиналарының тұрағы емдеу және босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін
корпустардың, ұйымның аумағына және рекреациялық аймаққа, бақша-саяжай аймағына
жақын орналасқан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі тиіс.
Жұқпалы ауру мәйіттерін союға арналған үй-жайлар оқшаулануы тиіс және
сыртынан жеке кіретін есігі болуы керек.
5.4.1.15 Жедел медициналық көмек автомобильдеріне арналған гараждарды
автомобильдер тұрақтарын жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық
құжат талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.4.1.16 Қызметтік автокөлікке, емдеу-профилактикалық мекемесі қызметкерлерінің
көлігіне арналған тұрақтарды қолайлы қатынайтын учаске аумағынан қарастыру керек.
Тұрақтар өрт сөндіру машиналарының ғимараттарға кіру жолына кедергі келтірмеуі тиіс.
5.4.1.17 Емдеу-профилактикалық мекемелердің аумақтарында өрт қауіпсіздік
ережелерін сақтаған жағдайда қызметкердің, келушілердің автомобильдеріне және арнайы
мақсаттағы автомобильдерге (жедел медициналық көмек және басқалары) арналған
жерасты автомобиль тұрақтарын орнатуға жол беріледі.
5.4.1.18 Емханалық қабылдау учаске шекарасына жақын болуы және пациенттер
үшін қолайлы әрі қолжетімді өздігінен кіретін есік болуы тиіс.
5.4.1.19 Ауруханаға, емханаға, диспансерлерге және перзентханаларға кіретін негізгі
есік алдында келушілерге арналған алаңдар қарастырылуы тиіс.
5.4.1.20 Қауіпсіздік мақсатында сыртқы жарықтандыру, оның ішінде ғимаратқа
кіреберісте, сыртқы баспалдақтарда және өрт гидранттарының есіктерінде, жаяу
жүргіншілер және көлік маршруттарын бойлай, сондай-ақ автотұрақтарда болуы тиіс.
5.4.1.21 Климатотерапияға, еңбек терапиясына және дене шынықтыруға арналған
құрылыстар мен алаңдарды ұйымның саласын ескере отырып қарастыру керек.
5.4.1.22 Көп салалы ауруханалар құрамына кіретін инфекциялық, психиатриялық,
тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімдерді жеке тұрған ғимараттарға
орналастырады.
Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімдерде жеке қақпа (кіреберіс), жеке
қабылдау бөлімі және көлікті дезинфекциялауға арналған жабық алаң болуы тиіс.
5.4.1.23 Емханалық корпус шалғай учаскеге орналастырылады және жеке кіретін
есігі болуы тиіс.
5.4.1.24 Инфекциялық аурухананың (корпустың) аумағында жас көшеттердің
жолағымен бір-бірінен оқшауланған «таза» және «кір» аймақтар белгіленуі тиіс.
«Кір» аймақтан шығаберісте көлік құралдарын дезинфекциялауға арналған жабық
алаң қарастырылуы қажет.
5.4.1.25 Балалар емханасына кіреберісте балалар арбаларына арналған жеңіл
шатырлармен жабылған алаңдар қарастырылуы тиіс.
*5.4.1.26 Емдеу-сауықтыру мекемелерінің ғимаратында терроризмге қарсы қорғау
және пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүйе мен құралдарды
қорғау дабыл жүйесімен, кіруді бақылау жүйесімен, ескерту жүйесі мен құралдарымен,