15
5.4.4.1.7 Аллергологиялық кабинеттерді дәріханаларға, процедуралық бөлмелерге,
зертханаға және буфеттерге іргелес орналастыруға жол берілмейді.
5.4.4.1.8 Конференц-залдың сыйымдылығы мекеменің сыйымдылығы нәтижесінде
анықталады.
5.4.4.1.9 Ересектерге арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым
үй-жайларын, оның ішінде емханаларды (диспансерлерді), сондай-ақ мамандандырылған
амбулаториялық-емханалық ұйымдарды, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды
ұйымның құрылымына, ерекшелігіне сәйкес және «Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын
ескере отырып қарастыру керек.