5.4.5.6 Анестезиология және реанимация, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері
5.4.5.6.1 Анестезиология және реанимация, реанимация және қарқынды терапия
бөлімдері аурухананың палата бөлімдерінен түскен науқастарға арналған және ауруханаға
қабылдау бөлімі арқылы түскен науқастарға арналған бөлімшелерден тұруы тиіс.
5.4.5.6.2 Бөлімге кіретін баспалдақтарды, лифтілер мен көтергіштерді өздігінен
сорып шығаратын шлюзбен жабдықтау керек.
5.4.5.6.3 Анестезиология және реанимация, реанимация және қарқынды терапия үй-
жайы, қосалқы үй-жайлар, медициналық қызметкерлердің демалу бөлмелері, санитарлық
өткізу орындары және қолжуғыштар «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне сәйкес қабылдануы тиіс.
5.4.5.6.4 Хирургиялық реанимация бөлімінің кіре берісінде қызметкерлерге арналған
санитарлық өткізу орындарнын қарастыру керек. Қарқынды терапия секциясына кіре
берістерде, оның ішінде шлюздерді баспалдақтардан, лифтілерден және көтергіштерден
қарастыру керек.