Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет47/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
28 
5.4.6.84  Ординатор  бөлімінде  кафедра  ассистенттері  үшін  орындарды  қарастыру 
керек,  себебі  олар  педагогикалық  және  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  қатар  тиісті 
мамандықтағы дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыстарын орындайды. 
 
5.4.7 Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиацияны ұйымдастыру  
 
5.4.7.1  Жедел  медициналық  көмек  станциясы  мен  шағын  станцияның  және 
санитарлық авиация құрамына төмендегілерді қарастыру керек: 
-  тәулік  бойғы  кезекшілік  кезіндегі  қызметкердің  демалу  үй-жайы  –  ерлер  мен 
әйелдер үшін жеке; 
- тұрмыстық үй-жайлар; 
- буфет. 
5.4.7.2  Тікелей  станцияға  (шағын  станцияға)  жүгінген  науқастарға  жедел  көмек 
көрсету  үшін  емдеу  үй-жайларының  тобын  (процедуралық,  таңу  және  басқалары) 
қарастыру керек. 
5.4.7.3  Санитарлық  автомашиналардың  кіру  және  шығу  жолдары  бөлек 
қарастырылуы тиіс. 
5.4.7.4  Жедел  көмек  автомашиналары  мен  санитарлық  авиацияның  есептік  санын  
ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына сәйкес қабылдау керек. 
5.4.7.5  Санитарлық  авиацияның  авиациялық  құралдарына  арналған  тікұшақ 
алаңдарын ҚР ҚН 3.03-19 және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес 
қарастыру керек. 
5.4.7.6  Санитарлық  автомашиналар  гараждары  мен  тұрақтарын  автомобильдер 
тұрақтарын  жобалау  бойынша  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес 
жобалау керек. 
5.4.7.7  Жедел  көмек  станциясы  мен  санитарлық  авиациядан  шығатын  үй-жай 
блогына төмендегілер кіреді: 
- диспетчер; 
- құжаттарды толтыру бөлмесі
- демалу бөлмесі бар ауысымның аға дәрігерінің кабинеті; 
- шығу бригадаларының мүліктерін жиынтықтау және сақтау үй-жайы; 
- киімді кептіру және аяқ-киімді жуу үй-жайы. 
5.4.7.8 Анықтама, науқастарға көмек көрсету, қызметкерлердің киім сақтау орны үй-
жайларын вестибюльмен іргелес орналастыру керек. 
5.4.7.9 Жедел медициналық көмек станциялары жедел медициналық көмектің шағын 
станцияларымен,  ауруханалармен,  өрт  қызметімен,  милициямен,  апатты  газбен  тікелей 
шұғыл байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диспетчерлер-эвакуаторлар желідегі санитарлық 
көлік құралдарымен радиобайланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. 
5.4.7.10  Жедел  бөлім  үй-жайлары,  шақыруға  шығатын  қызметкерлердің    демалу 
бөлмелері,  шақыруға  шығатын  желілік  және  мамандандырылған  бригадалар  бөлмелері 
және шұғыл медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері тікелей 
дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет