27
(емшектегі балаларды бөлу арқылы), акушерлік (жаңа туған сәбилерді бөлу арқылы),
инфекциялық, іріңді, хирургиялық және басқа бөлімдерден киімдерді өңдеудің
технологиялық желісінің бөлек есіктерді қарастыру керек.
5.4.6.71 Хирургия саласындағы мамандандырылған стационарлардағы есептік
көрсеткіш емдеу мекемесінің саласына байланысты анықталады.
5.4.6.72 Тағамды дайындау қызметін жеке ғимаратқа (тамақтану блогына)
орналастыру керек.
5.4.6.73 Тағам дайындау қызметінің үй-жайлар кешенінде келесі функционалдық
аймақтарды белгілеу керек:
- өндірістік (шикізатты өңдеу, жартылай фабрикаттарды дайындау, тағамды
дайындау үшін);
- қойма (тағам өнімдерін, ыдыстарды сақтау үшін);
- тағамды үлестіру (буфет);
- әкімшілік-тұрмыстық.
5.4.6.74 Тағам блогын жобалаған кезде «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын
сақтау керек.
5.4.6.75 Перзентханаларда, перинаталдық орталықтарда және балалар бар
стационарларда (сүт қоспаларын дайындауға арналған қайта орталықтандырылған үй-
жайлармен бірге) орталықтандырылған сүт блоктары ұйымдастырылады.
5.4.6.76 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар (еден үсті тостақтар)
санына тең болуы тиіс. Дәретханада писсуарлар қарастыру талап етілмейді.
5.4.6.77 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болуы тиіс.
5.4.6.78 Келушілерге арналған вестибюльдерге іргелес ауруханадан шығатын
науқастардың кездесуіне арналған үй-жайды қарастыру керек.
5.4.6.79 Клиникалық кафедраларды жобалау барысында осы нормативтен басқа
жоғары оқу орындарын және ғылыми-зерттеу мекемелерін жобалау бойынша
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
5.4.6.80 Клиникалық мекемелер бір немесе бірнеше клиникаларды ұйымдастыру
үшін негіз болып табылады, олардың құрамына кафедралар және салалық бөлімдер кіреді.
5.4.6.81 Клиникалық кафедралардың барлық үй-жайларын функционалдық мақсаты
бойынша қызметкерлерге арналған үй-жайларға, оқу, дәріс алу, ғылыми-зерттеу, қосымша
және тұрмыстық үй-жайларға бөлуге болады. Кафедралық блокта емдеу процесінде
оқытушылар мен студенттердің қатысуына байланысты ең аз үй-жайлар қарастырылатын
аурухананың басқа бөлімшелерімен қолайлы байланыс болуы тиіс.
5.4.6.82 Әдеттегі
емдеу-профилактикалық
ұйымдарда
қарастырылатын
үй-
жайлармен қатар клиникалық мекемелерді жобалау барысында клиникалық кафедралар
жұмысын ұйымдастыру үшін қосымша үй-жайларды қосу керек.
5.4.6.83 Әрбір нақты кафедраға арналған үй-жайлар тізімі және жиынтығы кафедра
мен факультет саласына; студенттер мен оқытушылардың санына, білім беру әдістеріне,
ғылыми зерттеулер бағытына байланысты анықталады.