Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет45/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
26 
5.4.6.57 Радиоизотопты диагностика зертханасына стационар және емхана бөлімінің 
науқастарына  арналған  кіре  берістер  бөлек  болуы  тиіс.  Радиоизотопты  диагностика 
зертханасында әрі-бері өтетін бөлме болмауы тиіс.  
5.4.6.58  Қысқа  өмір  сүретін  изотоптарының  генераторы  бар  процедуралық  бөлме 
гамма-камераға арналған үй-жайға жақын болуы тиіс. 
5.4.6.59 Ашық радиоактивті көздермен жұмыс істеуге арналған барлық үй-жайларда 
жұмсақ жиһазды қолдануға жол берілмейді. 
5.4.6.60  Патологоанатомиялық  бюроны  және  патологоанатомиялық  бөлімді  жеке 
ғимаратқа орналастыру керек. Патологоанатомиялық корпустарды шаруашылық аймағына 
орналастырылған  ғимараттарға,  тамақ  дайындауға  және  өнімдерді  сақтауға  арналған 
ғимараттарға қатарластырып орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.6.61  Патологоанатомиялық  бюроның  және  патологоанатомиялық  бөлімнің 
қуаттылығы  жобалау  сәтіндегі  мәліметтерге  сәйкес  биопсия  және  операциялық 
материалдарды  ашу  және  зерттеу  санымен  анықталады.  Ашу  және  көп  салалы 
ауруханалардағы, әсіресе биопсия зерттеулерінің саны бөлім саласына байланысты. 
5.4.6.62  Патологоанатомиялық  бюроның  және  патологоанатомиялық  бөлімнің  үй-
жай ауданы дәрігер-патологоанатомдардың санына есептеледі. 
5.4.6.63 Дәрігерлер  саны  биопсия  және  ашу  санын  ескере  отырып,  палата 
бөлімдерінің құрылымына сүйене отырып анықталады. 
5.4.6.64 Сот-медицина 
сараптама 
үй-жайының 
ауданы 
сот-медицина 
сарапшыларының санына есептеледі.  
5.4.6.65 Дәрігерлер  саны  сараптама  және  зерттеулер  санын  ескере  отырып 
анықталады. 
5.4.6.66 Орталық  зарарсыздандыру  бөлімінің  барлық  үй-жайлары  стерильдік  емес 
және стерильдік аймақтарға бөлінуі тиіс.  
Стерильдік  аймаққа:  зарарсыздандыру  бөлімінің  стерильді  жартысы  -  автоклав, 
стерильді материалдар қоймасы, экспедиция жатады. Басқа барлық үй-жайлар стерильдік 
емес аймаққа жатады.  Стерильдік аймақ үй-жайына тек санитарлық  өткізу орны арқылы 
кіруге жол беріледі. 
5.4.6.67  Дезинфекциялық  бөлімнің  барлық  үй-жайлары  жұқпалы  заттармен  жұмыс 
жүргізіліп жатқан «лас» аймақтарға және дезинфекцияланған заттармен жұмыс жүргізіліп 
жатқан «таза» аймаққа бөлінеді.  
Бөлімдерде  дербес  кіреберіс  есіктер  болуы  тиіс:  біреуі  -  қызметкер  және 
дезинфекцияланған  заттарды  тапсыруға  арналған,  екіншісі  –  жұқпалы  заттарды 
қабылдауға арналған.  
5.4.6.68 Мамандандырылған кір жуу орындарымен бірнеше емдеу-профилактикалық 
ұйымдарды  орталықтандырылған  қызмет  көрсету  кезінде  үй-жай  құрамы  мен  ауданын 
тұрмыстық  қызмет  көрсету  кәсіпорнын  ҚР  ҚН  3.02-08  талаптарына  сәйкес  қабылдау 
керек. 
5.4.6.69  Дербес  кір  жуу  орындары  инфекциялық  және  мамандандырылған 
ауруханаларға міндетті. 
5.4.6.70  Аурухананың  кір  жуу  орнында  жұқпалы  және  жұқпалы  емес  киімдерді 
қабылдау  үшін  дербес  есіктер  (акушерлік  бөлімдер  үшін  жеке)  және  балалардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет