29
5.4.7.11 Жедел медициналық көмек станцияларындағы бас дәрігердің, жедел бөлім
бөлімшелері басшыларының үй-жайлары, шақыруға шығатын қызметкерлердің демалу
бөлмелері, шақыруға шығатын желілік және мамандандырылған бригадалар бөлмелері
және жедел медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері жарық
сигнализациясымен жабдықталуы тиіс.
5.4.7.12 Жедел медициналық көмек станциялары (шағын станцияларында) мен
санитарлық авиацияда санитарлық көліктің кіру және шығу жолдарын бақылау жүйесі
қарастырылуы тиіс.