Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет49/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

5.4.8 Қан орталығы 
 
5.4.8.1 Қан орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
- донор кадрларын жиынтықтау
- донорларды тексеру; 
- қанды, оның компоненттерін және препараттарды дайындау
- дайындалған қанды тестілеу
- қан компоненттерін мұздатылған түрінде ұзақ мерзімге сақтау; 

медициналық  ұйымдарды  қан  компоненттерімен,  препараттармен  және 
диагностикалық стандарттармен қамтамасыз ету
-  компоненттерді  сақтау,  тасымалдау  және  қан  тобын  және  резус  қатарына  жатуын 
анықтау  бойынша  иммуногемотологиялық  тексерулерді  жүргізуге  қолдану  мәселелері 
бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу; 
- шикізат пен материалдың қан орталығына түсуін бақылау; 
- дайын өнімді бақылау; 
- материалдар мен ерітінділерді дайындау. 
5.4.8.2 Қан орталығын жеке тұрған ғимараттарға орналастыру керек. 
5.4.8.3  Қан  орталығының  құрамы  қуатына  байланысты  ұйымның  ерекшелігіне 
сәйкес анықталады. 
5.4.8.4  Операциялық  блок  аймағында  плазмаферез  және  оның  компоненттерін  алу 
процесінде  донорлардың  қан  плазмасын  өңдеу  жүргізілетін  қанды  фракциялау  аймағын 
белгілеу керек. Осы аймақта бөлінеді: 
- центрифугалауға арналған үй-жай; 
- қанды фракциялау және плазманы ажыратуға арналған бокстар
- белгілі температура режимінде компоненттерді сақтауға арналған үй-жай. 
5.4.8.5  Бокстар  операциялық  блок  үй-жайлары  болып  табылады  және  аса  жоғары 
зарарсыздықты қамтамасыз етуді талап етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет