ҚР ҚН 3.02-13-2014*
30
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ереженің талаптарына сәйкес
анықталуы тиіс.
5.4.9.2 Дәріханаларды, улы және күшті әсер ететін дәрілерді, сондай-ақ есірткі
дәрілік құралдарды және психотропты заттарды сақтау үй-жайларын жобалау барысында
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жабдықтау керек.
5.4.9.3 Технологиялық процесс барысына сәйкес рецептуралық бөлмені қызмет
көрсету бөлмесіне іргелес орналастыру керек. Қызмет көрсету бөлмесін экспедициялық
бөлмеге жақындату керек.
5.4.9.4 Жабдықта, жиһаз, керек-жарақта жуғыш және дезинфекциялаушы құралдарға
төзімді материалдардан орындалған гигиеналық жабыны болуы тиіс.
5.4.9.5 Зарарсыздандырған материалдарды сақтауға, дәрілік түрлерін асептикалық
талаптарда дайындауға арналған үй-жайларда құбырлар мен арматураның жасырын
төсемі қарастырылады.
5.4.9.6 Алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пункттер тек медициналық
ұйымдар жанына немесе олардың аумақтарына орналастырылады:
а) оқшауланған үй-жайларда;
б) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокқа. Келушілерге қызмет көрсету аймақтары
негізгі объектіде тиісті алаң болғанда және қолданыстағы нормативтік-құқықтық
актілер талаптарын сақтаған жағдайда, оқшауланған блок үй-жайынан тыс орналасуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: