ҚР ҚН 3.02-13-2014*
32
Оттегі құбырларын жертөлелерге, еден астына, ашық орларға, науаларға, тоннельдер
мен арналарға, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар астына төсеуге жол
берілмейді.
5.4.11.13 Аражабын мен арақабырғалар арқылы өтетін орындардағы құбырлар
учаскелерінде жік болмауы тиіс. Оттегі құбырларын желдету арналары арқылы төсеуге
жол берілмейді.
5.4.11.14 Тұтынушыларды сығылған ауамен қамтамасыз ету үшін компрессорлық
қондырғылар қарастырылады.
5.4.11.15
Оттегі, азот шала тотығы, көмірқышқыл газ, сығылған ауа
құбырларын төбе (астыңғы жағынан жалғанған төбе) және есік ойықтары арасындағы
қабырғалар бойынша, сонымен қатар арақабырғалар бойынша монтаждауға дейін
ашық төсеу электр монтаждаушылармен келісіледі және құбырларды монтаждау
санитарлық-техникалық және электрлік қондырғыларды монтаждау аяқталғаннан кейін
ғана жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |