37
- статикалық электрдің пайда болуына және жиналуына кедергі болу және наркоз
және басқа медико-технологиялық процестер кезінде қолданылатын газдардың жарылу
қатерін жою.
5.5.4.5 Қан орталығы бөлімі терапевт дәрігерлерінің, процедуралық және зертхана
кабинеттері сору және тарту желдеткішімен жабдықталуы тиіс.
5.5.4.6 Кювезбен толықтай жабдықталған палаталарда ауаны баптауға жол
берілмейді.
5.5.4.7 Араларында ауа ағынына жол берілмейтін бөлімдер немесе үй-жайлар
топтары бір-бірінен шлюздермен оқшауланады.
5.5.4.8 Тарту желдеткішімен және ауа баптау жүйелерімен берілетін сыртқы ауа
сүзгілерде тазартылады, ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
5.5.4.9 Радиологиялық бөлімдер желдеткіші радиоактивті заттармен және иондаушы
сәулелердің басқа көздерімен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне сәйкес жобаланады,
сонымен қатар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келуі тиіс.
5.5.4.10 Үй-жайлар мақсатына байланысты сорып-тартатын желдеткішінің дербес
жүйелерін жабдықтау керек.
5.5.4.11 Микробиологиялық,
биохимиялық
зертханалар
бокстарын
және
дәріханаларды желдету қоршаған үй-жайларға қатысты қамтамасыз етілуі тиіс:
- патогендік емес материалдар бар стерильдік бокстарға және дәріхана-ауа айдау
үшін;
- патогендік материалдар бар бокстар үшін – ауаны сейілту.
5.5.4.12 Бокстардан және жартылай бокстардан тұратын ауа ағысы тек секция
дәліздеріне ғана жүргізілуі тиіс. Бокстар мен жартылай бокстарға ауа ағысы желдеткіш
жұмыс істемей тұрған кезде іргелес үй-жайлардағы боксталған палаталардан ауа ағынына
кедергі келтіретін өздігінен жабылатын кері клапандар арқылы дәліздерден жүзеге асуы
тиіс.
5.5.4.13 Ағыс және ауаны кетіру әрбір палатада (үй-жайда) жүзеге асуы тиіс. Әрбір
қабаттың палата секцияларын дербес тарту және сору желдеткішімен қызмет көрсету
керек.
5.5.4.14 Инфекциялық бөлімдерде жасанды себеп арқылы сору-тарту желдеткіші
болмаған жағдайда, әрбір боксты және жартылай боксты рециркуляциялау түріндегі
ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен жабдықтау арқылы жасақталады.
5.5.4.15 Тарту желдеткіші жүйелерінің ауа бұрғыштарда ішкі беті болуы тиіс, ол үй-
жайға ауа бұрғыш материалының немесе олармен тыныс алуға байланысты ауру
тудыратын қорғаныш жабындарының бөлшектерін үй-жайға шығаруды болдырмайды.
Ішкі жабындар сорбцияланбауы тиіс.
5.5.4.16 Механикалық тартқыштан басқа родон зертханасындағы тарту шкафында
табиғи желдеткіш болуы тиіс.
5.5.4.17 Сору-тарту желдеткішінің қондырғысы, ауа беру мен шығару құрылғысы,
ауа жинау шахталары және арналар тексеру, тазалау және дезинфекциялау үшін
қолжетімді болуы тиіс.