5.5.5.1 Ішкі желілерден газбен қамтуды орталық дайындау, тамақты дайындау
қызметінің үй-жайларында, жеке тұрған ғимараттарға орналастырылған сүт
асханаларында және зертханаларында, қазандықтарда, қоқыстар мен қалдықтарды өртеуге
арналған пештерде, дәріханаларда, сондай-ақ тіс техникалық зертханаларда қарастыру
керек.
5.5.5.2 Газдың есептік шығыны емдеу-профилактикалық мекемелер саласына
байланысты анықталады.
5.5.6 Электр техникалық құрылғылар
5.5.6.1 Сәуле диагностика (магнитті-резонанстық және компьютерлік томографтар,
ангиографтар, рентгенологиялық сандық қондырғылар) бөлімдері, клинакалық-
диагностикалық бөлімдері және микробиологиялық зертхана, ультрадыбыстық
диагностика бөлімінің жоғары технологиялық қондырғылардағы үздіксіз қуаттандыру
көздерін қарастыру керек.
5.5.6.2 Электр қондырғылар Электер қондырғыларды орнату ережесіне сәйкес электр
қауіпсіздіктің заманауи тұжырымдамасына жауап беруі тиіс.
5.5.6.3
Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі жасанды жарықтандыруды
ҚР ҚН 2.04-01 сәйкес жобалау керек.
Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі қолданыстағы нормативтік құжаттарға
сәйкес болуы тиіс.
5.5.6.4 Негізгі үй-жайларда табиғи жарықтандыру болуы тиіс.
5.5.6.5 Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда болуы тиіс. Жеке
функционалдық аймақтарды және жұмыс орындарын жарықтандыру үшін қосымша
жергілікті жарықтандыру орнатылады.