39
5.5.6.6 Төбелерге орнатылған жалпы жарықтандыратын шамдар тұтастай (жабық)
плафондармен жабдықталады.
5.5.6.7
Палаталарды (балалар және психиатриялық бөлімдерден басқа)
жарықтандыру үшін құрамдастырылған жарықтандыру (жалпы және жергілікті)
қолданылады.
5.5.6.8 Әрбір палатада түнгі жарық беретін шам болуы тиіс.
5.5.6.9 Дәрігерлік тексеру кабинеттерінде пациенттерді тексеруге арналған қабырға
немесе тасымал шамдар орнатылады.
5.5.6.10 Балалар психиатриялық бөлімдер палаталарында тек төбе шамдары
орнатылады.
5.5.6.11 Психикалық науқастарға арналған палаталардағы шамдар ықтимал
зақымданулардан қосымша қорғалуы тиіс.
5.5.6.12
Жалпы жарықтандыру ажыратқышы палаталарға кіреберістердегі
дәліздерге, жергілікті жарықтандыруда – науқастың төсегінің жанына орнатылады.
5.5.6.13 Секциялардың барлық палаталарын түнгі жарықтандыруды басқару үшін
кезекші медбике постысының жанында ажыратқышты қарастыру керек.
5.5.6.14 Психиатриялық бөлімдердің науқастарына арналған үй-жайларды жалпы
және түнгі жарықтандыру ажыратқыштарын қызмет көрсету қызметкеріне арналған үй-
жайларда немесе дәліздерде жабылатын есіктері бар арнайы қуыстарды қарастыру керек.
5.5.6.15 Емдеу-профилактикалық мекемелерде апатты жарықтандыруды қарастыру
керек.
5.5.6.16 Сыртқы жарықтандыру шамдарының тікелей жарығы палаталардың және
емдеу кабинеттерінің терезелеріне түспеуі тиіс. Сыртқы жарықтандыруды тұрақты
кезекші қызметкері бар үй-жайдан қашықтықтан немесе автоматты түрде басқарылуы
тиіс.
5.5.6.17 Шамдар түрін таңдауды олардың жарық тарату, экономикалық тиімділік
және қоршаған орта шартының сипатын ескере отырып жүргізу керек.
5.5.6.18 Магнитті-резонансты томографияның процедуралық кабинеттері табиғи
жарықтандырусыз жобалануы тиіс.
5.5.6.19 Балалар стационарларында және басқа балалар емдеу-профилактикалық
мекемелерінде электр жылытқышы бар едендерді қолдану қажеттілігі осы үй-жайларға
қойылатын талаптарға сәйкес орнатылады.