5.5.4.1 Желдету және ауа баптау желдету және ауа баптау жүйелерінің тазалық
деңгейі бойынша үй-жай дәрежелігін ескере отырып қарастырылуы тиіс.
5.5.4.2 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері медициналық қызметтер жүзеге
асырылатын үй-жайдың микроклиматы мен ауа ортасының нормаланған параметрін
қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.4.3 Тиісті аймақтарға бөлімдер (үй-жайлар) керек-жарағын «Денсаулық сақтау
объектілеріне
қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитарлық
ережесінің талаптарына сәйкес анықтау керек.
5.5.4.4 Ауа ортасының сапасы бойынша аса жауапты үй-жайлар үшін: операциялық,
реанимациялық залдар, босандыру палаталары - және ауаны баптау жүйелері, сонымен
қатар, келесілер болуы тиіс:
- науқас және қызметкер үшін жылу жайлылығының ең жоғарғы жағдайларын
жасау;