Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет57/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
34 
5.5.1.4  Шаруашылық-ауыз  мақсатындағы  судың  сапасы  қолданыстағы  нормативтік 
құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
5.5.1.5  Гидропатия  үй-жайлары  үшін  тұрақты  шығыны  және  ағыны  бар  суық  және 
ыстық су беру қамтамасыз етілуі тиіс. 
5.5.1.6 Орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған жағдайда, үздіксіз әрекет 
ететін су жылытқыштар орнатылады. 
5.5.1.7  Психиатриялық  ауруханалардың  қол  жуғыш  және  дәретхана  үй-жайларында 
құбырлар мен жабу арматурасы науқастар үшін қол жетімсіз болуы тиіс. 
5.5.1.8  Шаруашылық-ауыз  су  құбыры  сорғыларын  аурухана  корпустарына  орнату  
ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс. 
5.5.1.9 Кір жуу орындарына және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелеріне су 
шығынының нормасы қосымша ҚР ҚН 4.01-01  талаптарына сәйкес ескерілуі тиіс. 
5.5.1.10 
Инфекциялық  ауруханалар  (бөлімдер)  және  тері-венерологиялық 
диспансерлер (бөлімдер) санитарлық тораптарындағы қолжуғыштар мен унитаздардың су 
құю бөшкелері үшін су жіберуді басқышпен басқару қарастырылуы тиіс. 
5.5.1.11  Ауруханалардағы  тағамды  дайындау  қызметі  ғимаратынан  шығып  тұратын 
жерлердегі  өндірістік  ағын  суларды  тазалау  үшін  ҚР  ҚН  3.02-21  талаптарына  сәйкес 
майтұтқыларды орнату (ғимарат сыртына) қарастырылуы тиіс. 
5.5.1.12  Ваннамен  немесе  душпен  жабдықталған  үй-жайларда  сүлгі  кептіргіштерді 
қарастыру керек. 
5.5.1.13 Балшықты процедуралар, балшықты асхана үй-жайларынан, ақжаймаларды, 
кенептерді, брезенттерді жуу және кептіру үй-жайынан және балшықтарды кептіруге және 
регенерациялауға  арналған  үй-жайлардан  ағын  суларды  бұру  арнайы  жолдар  арқылы 
(гидравликалық  қақпақсыз)  гидравликалық  қақпақпен  жабдықталған  жиналатын  балшық 
тұндырғышта жүзеге асуы тиіс. 
5.5.1.14  Инфекциялық  және  туберкулез  ауруханаларының  (бөлімдерінің)  ағын 
сулары сыртқы канализацияға түсер алдында зарарсыздандыруы тиіс. 
Ағын  суларды  зарарсыздандыру  үшін  термиялық,  радиациялық  және  басқа 
физикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жүйені қарастыру керек. 
5.5.1.15  Инфекциялық,  тері-венерологиялық  және  психиатриялық  бөлімдер 
қолжуғыштарында термостатикалық алмастырғыш орнатуды қарастыру керек. 
5.5.1.16 Су-балшықпен емдеу бөліміндегі душ кабиналары икемді шлангісі  бар душ 
торымен жабдықталуы тиіс. 
5.5.1.17 Радиологиялық корпустарға (бөлімдерге) ағын суларды қатерсіздендіру үшін 
арнайы  құрылғыларды  орнату  қажеттілігі  мекеменің  саласына  байланысты  анықталуы 
тиіс. 
5.5.1.18  Ваннаның  емдік  бассейндеріндегі  сумен  алмасу  суды  рециркуляциялау 
немесе таза ауаның үздіксіз ағыны арқылы қарастырылуы тиіс. 
Су бассейнінің барлық жұмыс істеген уақыты ішінде біркелкі берілуі тиіс. 
5.5.1.19 Бассейндердің су тазалау құрылыстары және олар бойынша конструктивтік 
шешімдері спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарын жобалау бойынша 
нормативтер  талаптарына  сәйкес  қабылдануы  тиіс  (ҚР  ҚН  3.02-18  және  қолданыстағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет