5.4.13.1 Крематорияның рәсімді және қызмет көрсету құрамында келесідей үй-
жайларды қарастыру керек:
- вестибюль, санитарлық тораптар, қосалқы және қосымша үй-жайлар бар топ;
- жерлеу (салттық) залы, шлюз, патологоанатом кабинеті, медициналық, қосалқы
және қосымша үй-жайлары бар рәсімдік;
- бейімдеу бөлмесі және холл бар үй-жай шығатын топ;
- үй-жайдың көлік тобы.
5.4.13.2 Жерлеуге қатысушы адамдарға арналған үй-жайлар қызмет көрсету
қызметкерінің жұмысына арналған үй-жайлардан оқшаулануы және олардан сантораптар
және желдету камералар (желдету қондырғылары) үй-жайларын дыбыс өткізбеуді
қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.13.3 Крематорий ғимараттарының жанында ірі габаритті бөліктерді және басқа
жабдықты сақтауға арналған қойма үй-жайлары бар шаруашылық аула қарастырылуы
тиіс.
5.4.13.4 Крематорий құрамына кіретін барлық үй-жайларды механикалық себеппен
сору-тарту желдеткіші жүйелерімен жабдықтау керек. Ауаны рециркуляциялау жүйесін
қолдануға жол берілмейді.
5.4.13.5 Медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру тәсілдері денсаулық сақтау
ұйымдарының медициналық қалдықтарын жинауға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға
және
жоюға
қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптармен
анықталады.