ЖОБА
4
1. Критериалды бағалау
Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара
байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне
төмендегілер жатады:
•
Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген
1
. Бағалау өзіндік
мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі
болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика
түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны
өткізудің жолдарын анықтайды.
•
Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл
бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын
қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің
оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
•
Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады,
бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты
болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау
түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу
бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
•
Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті
ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін
- өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін
арттырады.
•
Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін
анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
•
Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму
бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске
қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға
мүмкіндік тудырады.
Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы
мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар:
қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша
өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)
бағалау болып табылады.
1
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, 27 шілде 2007
жыл, №319 – III.
|