ЖОБА
8
көрсетеді
құрастырад
ы
бөліп
көрсетеді
мақұлдайды
шешім
қабылдайды
хабарлайды
қолданады
саралайды
қорытындыла
йды
ұсынады
Мысалы, Математика пәні, 2 - сынып
Оқу мақсаты:
«
100-ге жуық сандардың графикалық моделін құру және жазу
»
Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлері:
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін жазады» → Ойлау
дағдыларының деңгейі
: «Білу және түсіну».
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін құрастырады» →
Ойлау дағдыларының деңгейі
: «Білімді қолдану».
1.3 Тиімді бағалаудың принциптері
Мектепішілік бағалауда ұйымдастырылатын қалыптастырушы және
жиынтық бағалау анық, сенімді, қолайлы түрде өткізіліп, сабақ беру үдерісі
мазмұнын бағалау үшін жасалғандықтан, оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттарын қолдана отырып, сабақ беру және оқытуға оң әсерін тигізуі
керек.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктер беретін жағдайда құрастырылуы
тиіс. Бұл басшылықта көрсетілген тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесінде
қойылатын балдар саны мен модерация үдерістері оқу жетістіктерінің сенімді
болуын қамтамасыз етеді, мұғалім мен оқушыға сабақ беру және оқыту туралы
тиімді ақпарат береді.
Критериалды бағалау мұғалімді сынып жұмысында қолдауға, оқыту
үдерісінде оң ықпал жасауға негізделген. Нәтижелер мұғалімге өзінің
сабағына рефлексия жасауға және одан кейінгі жұмысын жоспарлауға
мүмкіндік береді.