ЖОБА
14
Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп
отыру.
Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай
ынтымақтастандыру.
Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.
3.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы
барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында
барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.
Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін
мұғалімге:
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және
дескрипторларын анықтау;
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана
бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының
деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды
көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына
сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.
Одан
кейін
мұғалім
бағалау
критерийлерін
сәйкестендіріп,
оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және
оның
дескрипторларын
құрастырады.
Дескрипторлар
тапсырманы
орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды,
сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.
Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретімен
әңгімелеу» мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде мұғалім
келесі тапсырманы бере алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтай
отырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз. Дайын мәтін суреттерін қағазға
желімдеп, әңгімелеп беріңіз.
Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген:
Оқушы:
•
суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады;
•
мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.
|