ЖОБА
16
•
ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігі
туралы ақпарат бермей тұрып, «дұрыс емес», «қате» сөздерін қолданбау
қажет;
•
ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;
•
қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын көрсету
қажет;
•
жіберілген қателік туралы төменгі ақпарат беру:
- қателіктің орны
- қателік түрі
- оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет;
•
оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы,
«мисыздың жауабы», «бұған қалай ғана ақылың жетті?» деген анайы сөздерді
қолданбау керек.
Осындай сөздер оқушылардың жеке тұлғасына кері әсер етеді. Тиімді
түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай
жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай
нәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, ал
оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді:
Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?
Нәтижелерге қалай жетемін?
Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?
Төменде кері байланыстың үлгілері берілген (1-үлгі, 2-үлгі)
Достарыңызбен бөлісу: |