3. Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп
және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері
байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.
Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының
ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол
қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу
жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі
болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы
тиіс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:
Оқушыларды
анықталған
оқу
мақсаттары
мен
бағалау
критерийлерімен таныстыру.
Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын
дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың
басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
|