ЖОБА
10
сыныпқа арналған «Дүниетану» пәні бойынша бөлім мен бөлімшенің мазмұны
қалай құрылғаны туралы үлгі төменде көрсетілген.
2-кесте.
2-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінің үлгісі.
№
Бөлім
Тақырып
1
Мен
және
қоғам
1.1 Өзім және отбасым
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық пен жауапкершілік
1.6 Мерекелер
2
Елімнің
табиғаты
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
2.2 Климат және ауа-райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
2.4 Туризм
2.2. Оқу жоспары
Сыныптардағы оқу бағдарламасының мазмұны пәндердің оқу
жоспарындағы ұсынысында берілген. Оқу жоспарындағы тапсырмаларды
мұғалімдер оқушылардың барлық оқу мақсаттарына жеткеніне және оқу
бағдарламасының мазмұнын білетіндігіне көз жеткізу үшін қолдана алады.
Оқыту мақсаты – белгілі бір оқу кезеңі аяғында оқушылардың дағдылар
мен түсініктерді, білімді меңгергендерін немесе оларды түсінетінін көрсететін
тұжырым. Олар оқу жоспарында сыныптан сыныпқа көшерде пән бойынша
нақты ілгерілегенін көрсету үшін белгіленген. Оқу жоспары ұзақ мерзімді,
орта мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттарды жоспарлайды.
Ұзақ мерзімді жоспар:
оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;
алдыңғы жұмыспен, оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға
және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
бөлімдер арасындағы теңестірілген және басқарылатын байланысты
орнатуды қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспар:
мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді (деталь)
ұсынады;
сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік
жолдарын анықтайды;
|